Батыс Қазақстан облысы: Бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары
Эстетикалық бағыттағы гимназиясында “Mobels of teaching” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – оқушылардың таным іс – әрекетін қалыптастыруда білімді меңгеру арқылы теория мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған болатын. Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары мен елордалық және жергілікті әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Models of teaching” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинардың пленарлық кезеңінде облысымыздың білім беру ұйымдары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» БҚО бойынша Кәсіби даму институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары мен үздік педагогтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі, жаңа жоба жұмысының мазмұны және үздік педагогтердің шығармашылық жетістіктері тыңдалды.
Загрузка...Семинардың секциялық бөлімінде: «Бастауыштағы пәндер сауаттылығын арттырудағы әдіс – тәсілдер», «Интербелсенді әдісті тиімді қолдану – білім сапасын арттыру жолы», «Stem – білім берудің жаңа тренді» бағытындағы жұмыстарда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласының бастауыш сынып мұғалімдерімен қатар облысымыздың ұстаздары да өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Әр облыстан бір көшет», «Өзің оқып, өзгеге сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Басқосуға жиналғандар шеберлік-сыныптарынан оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін үйреніп, ой-пікірлерімен бөлісті.