М.Әуезов университеті: Сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы театрландырылған қойылым
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде адалдық, парасаттылық құндылықтары мен сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы театрландырылған қойылым қойылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.

«Мәдениет және өнер» факультеті «Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасының «Думан» халықтық-жастар театрының қойылымын университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушылары және білім алушылары көріп, тамашалады. Қойылым арқылы қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністері көрермендерге креативті форматта насихатталды.