Жаңа технология: Лэпбук қызықты интерактивтік папка

Лэпбук — салыстырмалы түрде оқудың жаңа тәсілі. Лэпбук- ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, проблемалық сұрақтар, дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар. «Лэпбук» — мектепке дейінгі балалардың танымдық- зерттеу белсенділігін даму түрінің инновациялық формасы. Лэпбук арқылы балалардың ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамуына жақсы әсер тиеді, бір мәселені шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады  және алған  білімдерін қолдана алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Ойын – баланың даму құралы, таным көзі, білімділікке, тәрбиелікке  ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуші құрал. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану – үлкен нәтиже бepepi анық. 

Балалардың оқу қызметіне  қызығушылығын арттыру  мақсатында, мен Лэпбукты қолдануды ұйғардым. Осы жерде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың білім беру әдістемелері арасында «Lapbook» қазіргі заманғы құрал туралы айтқым келеді. Мен өз жұмысымда жаңа «Lapbook» әдістемелік құралын пайдалана бастадым. Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.

Лэпбук – бұл қолдан жасалған кітапша бірнеше қалташаларымен, терезелерімен, конверттерімен, қозғалмалы детальдарымен ерекшеленіп құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бала оларды алып, салып, қарап, ойнап алады. Нақты бір тақырып бойынша зерттеп, оқып үйренген іс-әрекеттің қорытынды кезеңі. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау.

Лэпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді. Бұл бүлдіршіндермен белгілі бір тақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды. «Лэпбук» –  мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді.

Тәрбиеленушілер әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады. Лэпбук арқылы келесі міндеттер атқарылады: лэпбук балаға өткен тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты жақсы түсінуге және материалды есте сақтауға көмектеседі. Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткен қайталайды, өз қолымен жасаған еңбекті қарастырады. Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді.

Лэпбук топта сабақ жүргізгенде қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі жастағы балалар оқиды. Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал ересек немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және тағы да басқа тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау. Лэпбука құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Лэпбукті баламен бірге құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте сақтайды. 

Гулдарига Тулкибаевна СУГРАЛИНА,
«Балауса» бөбекжай-балабақшасы», Ақтөбе
облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
             

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий