Мектеп спорты бойынша ең үздік жобаның жеңімпаздары анықталды

Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев финалдық кезеңге жолдама жеңіп алған оқушыларға сәттілік тілей отырып, спорттың өскелең ұрпақтың тұлғалық қалыптасуындағы рөлін ерекше атап өткен болатын.

 

«Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөледі. Осы бағыттағы мектеп лигасы жас жеткіншектерді түрлі спорт түрлеріне, оның ішінде ұлттық ойындарға баулиды. Соның нәтижесінде біздің оқушылар халықаралық чемпионаттар мен біріншіліктерде өнер көрсетіп жүр. Министрлік мектеп лигасы сияқты жобаларды әрі қарай да қолдайды”,- деді Министр.

Еске салайық, Лига баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық – асық ату, жеңілатлетикалық кросс спорт түрлерінен 5-11 сынып оқушылары арасында өтеді.

Қазіргі таңда 7-8, 9-11 сыныптар бойынша ҚОРЫТЫНДЫ РЕЙТИНГ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

7-8 сыныптар бойынша үздік үштік:
1-орын Павлодар облысы
2-орын Түркістан облысы
3-орын Шымкент қаласы

9-11 сыныптар арасында жеңімпаздар:
1-орын Түркістан облысы
2-орын Шымкент қаласы
3-орын Ақтөбе облысы

Айта кетейік, қазір Алматы облысында республикалық Ұлттық мектеп лигасының 5-6 сыныптар арасындағы жеңілатлетикалық кросс (ұлдар, қыздар), футбол “Былғары доп” (ұлдар, қыздар), волейбол “Шұбар доп” (ұлдар) жарыстары өтіп жатыр. 5-6 сыныптар бойынша жарыстардың қорытынды есебі 6 маусымда анықталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий