Ақмола облысы: “Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” республикалық байқауының аймақтық кезеңі аяқталды

Жергілікті әдістемелік орталықтың бастамасымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аймақтық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Іс-шараның негізгі мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру.

Байқауға Аршалы, Бурабай, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарының және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдары қатысты. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен номинациялар анықталды: бірінші орын – Сычева Валентина Павловна, Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі.

Екінші орын Габдулина Салтанат Тайлаковна, Көкшетау қаласының «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі; ІІІ орын Абдикова Мирамкуль Бекуловна, Целиноград ауданы, Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі; “Іскер педагог» номинациясы Карабекова Калипа Менлибековна, Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі; «Креативті педагог» номинациясы Бекмагамбетова Гульмира Тынымовна, Жарқайың ауданы, Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі.

«Өнерлі педагог» номинациясы – Хапас Жайнаған, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі; «Жаңашыл педагог» номинациясы – Уалиева Ризагуль Сагандыковна, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий