Шымкент қаласы: “Оқуға құштар” жобасы аясындағы жергілікті семинар

Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс жоспары аясында «Кітап оқуды насихаттаудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында мектеп кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу сауаттылықтарын қалыптастыру. Аталған шараны химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Буксукбаев Қайырбек Сәбитұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында Шымкент қаласындағы химия-биология Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кітапханашылары NIS кітапханаларында кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шаралар мен кітапханалық сабақтарда қолданылатын «Әдеби лото», «Kangaroo Words», «Пирамида» әдіс-тәсілдері мен «Gynzy» сервисін таныстырып, тәжірибе жүзінде қолданып көрсетті. Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары өздерінің тәжірибесінде қолданып жүрген НЗМ әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс жүргізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий