UALIKHANOV UNIVERSITY: Ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатындағы семинар

Ағымдағы оқу жылынан бастап Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының мемлекеттік реттеу жүйесін түбегейлі қайта қарау, жаңа реттеуші саясатты іске асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында іс-шараларды іске асыруда. «Таза парақтан» реттеу саясатын енгізу шеңберінде, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында Министрлік ақпан-сәуір айлары аралығында өңірлерде көшпелі семинарлар өткізеді.
Ualikhanov University-де «Ғылым және жоғары білім жүйесіндегі сапа мен сапаны басқарудың жаңа тұжырымдамалық тәсілдері» тақырыбында кезекті семинар өткізілді. Семинарды Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов өткізді. Семинарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің соңғы өзгерістері және білім беру жүйесінің тексеру парақтарының мәселелері қаралды. Сонымен қатар семинарға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясының өкілдері қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий