Заманауи тәжірибе: Біліктілікті арттырудың проблемалары мен перспективалары
Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім берудің мақсаттары мен міндеттері түбегейлі өзгеруде. Елдің инновациялық дамуының жалпы стратегиясында қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез жауап беретін, ұтқыр, сыни тұрғыдан ойлай алатын, стандартты емес жағдайларда бағдарлай алатын, үздіксіз жеке және кәсіби өсуге ұмтылатын педагогтер уақыт талабына сәйкес сұранысқа ие болып отыр.

Бұл тұрғыда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың түбегейлі жаңа модельдерін әзірлеудің өзектілігі артып келеді. ERR (Engagement Rate by Reach) білім беру моделінің бірінші кезеңі сабақтың әр қатысушысын осы тақырып бойынша білетіндерін өзектендіруге, болашақты болжай отыра құрылатын тақырып бойынша өз білімдері мен идеяларын талдауға, зерттеуге бағытталған. Бұл кезеңнің мақсаты – қызығушылықты ояту, жаңа ақпаратты ескімен байланыстыру үшін психологиялық жағдай жасау.
Ойлауды дамытуға арналған құрылымның екінші кезеңі – жаңа ақпаратпен жұмыс істеу. Бұл таным кезеңі. Құрылымдағы үшінші кезең – рефлексия кезеңі. Бұл кезеңде ойдың көрінісі жаңадан үйренген ұғымдар мен ақпарат арқылы басталады, мазмұн туралы жеке түсінік қалыптасады. Бұл тұрғыда біліктілікті арттыру курстарының мазмұндық базасы іргелі, тұжырымдамалану, проблемалану және диалогтау принциптеріне қайта бағытталды.
Әріптестермен ынтымақтастықта оқыту принциптеріне және қателікке деген көзқарасқа негізделген кооперативті оқыту технологиясы ретінде жаңа идеялардың даму процестерін ынталандырады, басқалармен бірге өмір сүру және командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Дәстүрлі біліктілікті арттыру жүйесімен мұғалім өз сабақтарын жалғыз әзірлеуге және өткізуге, оқушылардың жетістіктері мен қателіктерін жеке бағалауға үйретіледі. Біліктілікті арттырудың отандық жүйесінде, бүкіл әлем сияқты, оқыту мазмұнын қайта бағалау, білім беру процесін ұйымдастыру, оқыту модельдері жүреді.
Бұл принциптер білім беру процесі субъектілерінің жеке өсуіне ықпал ететін құрал ретінде анықталады. Осы қағидаттарды есепке алу білім алушының жеке басын біліктілікті арттыру субъектісі ретінде өзгертуге әкеп соғады: тұлғаның кәсіби қызметін деформациялау, қайта құру, жеке тұлғаның кәсіби қызметін қйта құру. Бұл өзгерістер біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа мақсаттары мен міндеттерін тудырады: білім беру процесінің тыңдаушының бар жеке жүйесіне жүгінуі, оның білім беру жағдайларының толыққанды өмір сүруіне қатысуы; бар кәсіби қасиеттерді қайта құру, жетілдіру; білім беру процесінің барлық субъектілерінің ұстанымдары мен қызметін құндылық-семантикалық үйлестіру болып табылады.
Біліктілікті арттыру жүйесін жаңа заман талабына сай жетілдіру – қазіргі күннің міндеті. Сондықтан ізденіс пен шығармашылық әр педагогтің бойынан талап етіледі.
Сайра СЕКСЕНБАЕВА,
Гүлмаржан ӨТЕҒҰЛ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО
КДИ» кәсіби білім беру кафедрасының
аға оқытушылары, Орал қаласы