Шығыс Қазақстан облысы: “Studentskills” жобаларының байқауы

Серебрянск технология колледжінің базасында «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру құралы ретіндегі ғылыми-практикалық қызметі» Studentskills жобаларының облыстық байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақсаты – білім алушылардың ғылыми-практикалық шығармашылығын анықтау және дамыту, кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының зияткерлік жетістіктерін қарау, ғылыми-практикалық қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу үшін жағдайлар жасау, кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындары арасында шығармашылық байланыстар орнату.

Байқау жұмысы үш секция бойынша жүргізілді: «Энергетика, электротехника, электроника»; «Тамақтандыруды ұйымдастыру, тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша). Сынақтың қорытынды нәтижесінде секциялар бойынша топжарған үздіктер анықталып, жүлделі орындарды иеленген жеңімпаз жүйріктерге арнайы марапаттар табысталды

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий