Атырау облысы: Қордың көмегімен жабдықталды

«Қазақстан халқына қорының” қаржылық қолдауымен Махамбет ауданындағы №2 арнайы мектеп интернатына технология, тігін ісі, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау және логопедия кабинеттеріне толықтай жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, технология кабинетіне ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын аппараттар, өлшеу құралдары, бояулар, 3D принтер секілді қажетті бұйымдар әкелінді, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау кабинетіне тұрмыстық техника бұйымдары мен ыдыстар, логопедия кабинетіне интерактивті тақта, жаңа жиһаздар, мидың, бұлшық еттің жұмысын жақсартататын ойыншықтар, тактилді тақта, құм терапиясы, тыныс алу жаттығуларын жасайтын құралдар алып берілді. Айта кету керек, аталған мектеп-интернат 1974 салынған. 1994-95 оқу жылына жергілікті білім беру ұйымдарының дайындық барысы жөніндегі облыстық байқауда бұл ұстаздар ұжымының еңбегі лайықты бағаланып, жүлделі бірінші орынның арнайы дипломымен марапатталуы арқылы аймаққа танылған болатын.

2018 жылы ауданның мәдени көпшілік шараларында белсенділік танытып, қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат табысталып, былтырғы қыркүйектен бастап облыстағы салалық құрылымның құзырындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде қайта өзгертілді. Білікті басшы, тәжірибелі тәлімгер, майталман маман, ұлағатты ұстаз Қабазова Үміт Үмбетқызы жетекшілік жасайтын бұл мектеп интернатта қазіргі кезде 51 ұл мен қыз тәрбиеленуде. Балаларға 24 педагог, 20 тәрбиеші қызмет көрсетеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий