Ынтымақтастық орта: Ауыл мектебімен кәсіби өсу

Ауыл мектептерімен ынтымақтастық білім беру ортасын құру  – бұл педагог тұлғасын қалыптастыру мен кәсіби дамытуға бағытталған педагогикалық жағдаяттардың жиынтығы ретінде орта білім беру кеңістігі болып табылады. Ынтымақтастық орта – бұл оқыту мен оқу тәсілі, яғни проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін мұғалімдер тобының бірлесіп жұмыс жасауын білдіреді.

Ынтымақтастық орта арқылы педагогтердің кәсіби өсуі табиғи әлеуметтік ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімін тіл табысу, сөйлесу, өзара әрекеттесу арқылы біліктілігі артады. Ынтымақтастық білім беру ортасы негізінде табысты орта жылдам қалыптасады, яғни қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, «Өрлеу»  біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының филиалы Қостанай облысы бойынша  Кәсіби даму институты облыс педагогтерінің кәсіби өсуіне жүйелі жұмыстар жүргізеді. Соның бірі, ауыл мектептерін әдістемелік тұрғыдан қолдау. Осы тұрғыдан, 2022-2023 жылдар аралығында Қостанай ауданының Жданов және Озерный жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілді.

Әдістемелік қолдау жұмыстарына Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтерімен бірге жоспар құрылған болатын. Жоспарымыздың негізгі мақсаты – Lesson study әдісі арқылы сабақтарды зерттеу  бойынша қолдау көрсету. Яғни, сабақты жоспарлау және оларды зерттеу арқылы проблемаларды анықтауда оқу-әдістемелік семинарлар, вебинарлар ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде ауыл мектебі мұғалімдерінің мақалалары ғылыми-практикалық конференцияларда, әдістемелік журналдарда жарияланды. Бұл біз үшін де, олар үшін де үлкен жетістік болып табылды.

Қорытындылай келе, ауыл мектептерімен ынтымақтастық орта құру  белгілі бір нәтижеге жеткізе алды. Нәтижесінде, ауыл мектебі мұғалімдерінің жеке тұлғалық қасиеттері ашылатын, кәсіби өсуі жүйелі түрде қалыптасқан, сонымен қатар, өзіміздің кәсіби өсуімізге де тірек болған кеңістік болып табылады.

Галия ЖУСУПОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай
облысы бойынша Кәсіби даму
институтының кафедра меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий