Сапалы білім: Жарқын болашаққа нық қадам!

«Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.«Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы».

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар қауымы мен өнегелі жастарға артқан зор сенімі мен қолдауын негізге ала отырып, әрдайым жаңа тың идеялар мен  жаңашылдықтың ұйытқысы болып жүретін білім ордасы  Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектептің басшысы Тажен Әбдіхалық Жақсылықұлының бастамасымен «Сапалы білім: Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты рөлдік, сюжеттік, спорттық, интеллектуалдық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқу мотивациясын жоғарылатып кітап оқу дағдысын қалыптастыру және өздігінен білімді ізденуіне жағдай жасау. Ойын үлгісінің технологиясы арқылы оқушылардың  дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамыту. Нәтижесінде қозғалыс функциясы қолданылады, мұнда қатысушылар өздерін зерттеп, не істей алатынын ашу үшін қабілеттерін  пайдаланады, дамытады.

Олар басқа оқушылармен қалай қарым – қатынас жасау керектігін және қарым-қатынаста өз белсенділіктерін  арттырады. Туындаған мәселелерді қалай талдайтынын біледі. Кез-келген жағдайлардан шығу үшін дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады. Ойын мәдениетін қалыптастырады. Аталмыш семинарда мектептің ең мықты мамандары «Akelius languages» қосымшасын пайдаланудағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушылардың оқу көрсеткішін дамыту аясында жүргізілетін жұмыстар таныстырылды. Сондай-ақ, мектеп психологтарының «Өзіңді тану-өзгені түсінуге жол ашады» тақырыбында түсіндірме-тренинг  сабағы жүргізілді. Жан-жақты білім мен ілімге толы шара соңында кәсіби шеберлігі мен жаңа оқу  үлгісінің ерекше заманауи түрлерін аша білген ұстаздар қауымы Шымкент білім басқармасының және әдістемелік орталықтың мадақтау қағазымен марапатталды.

Семинар қонақтары жоғары деңгейде өткен шараға айрықша алғыстарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты»,- деп дана бабаларымыз айтқандай,  кемел келешекке зор мақсат қоя білетін, білімді де саналы,  салихалы ұрпақты тәрбиелеу, алар асуы мен жетер шыңы биік жастарға қолдау көрсету, шәкірттерін тек биік шыңнан көруді армандайтын ұлағатты ұстаздар екені сөзсіз. Аталмыш семинар,  тағы да осының айқын дәлелі болды.                                                                Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі
орта мектептің әкімшілігі, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий