Жамбыл облысы: Кәсіби тәжірибелік семинар

Аймақтағы оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен жергілікті педагогтерге кәсіби қолдау көрсету, оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу үдерісінің тиімділігі бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік көмек ұсыну мақсатында Қордай ауданының Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында «Мектеп тәжірибесіндегі LS: зерттеу, талдау, нәтиже» атты облыстық тәжірибелік семинары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық  білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл жүздесуге аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы жетпіс адам қатысты. Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің тәжірибесіндегі LS зерттеудің нәтижесі, негізгі пәндердің оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу АR үдерісінің тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий