Балабақша – бақыт баспалдағы

«Бала тәрбиесі – бесіктен» (халық даналығы) «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (М. Әуезов) «Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу». Сол балаға деген сүйіспеншілік мәнімен осы салада отыз жыл үздіксіз еңбек етіп келемін. Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді. Бір жасқа толып, аяғын апыл-тапыл басқаннан кейін өзінің жеке дара бесігінен, «балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі.

Балабақша – баланың жүйелі түрде тәрбие мен білім алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Қазірі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі, өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімінің тереңділігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ – еліміздің баға жетпес қазынасы. Ақмола облыстық білім басқармасына қарасты Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы біздің ұжым жаңа инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технология элементтерін енгізе отырып, 2019 жылдың қыркүйек айында мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық балабақша ретінде облыс орталығындағы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

2021 жылы балабақша «Бөбекжай» мәртебесін иеленіп, 2-6 жас аралығындағы 290 балаға арналған он екі топта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде тәрбие мен білім беруде. Бөбекжайдың басым бағыты:  ақпараттық-коммунициялық технология элементтерін қолдана отыра, балалардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бөбекжайда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайлары жасалып, барлығы 65 бейнекамера орнатылып, тәулік бойы арнайы күзет қызметі ұйымдастырылған.

Баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортада олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес физикалық, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік, әлеуметтік-эмоционалдық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану үшін «Робототехника», «Интерактивті құмжәшік», «Интерактивті скалодром», «Сенсорика», «STEM зертханасы», «Интеллектум ойындары» кабинеттері, «Рухани жаңғыру» ұлттық орталығы заманауи түрде жабдықталған.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені, осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Сондықтан, осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады. Біздің бөбекжай мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету мақсатында әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейі және М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиямен, «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сабақтастық орнатылып, тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Бөбекжайдың балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Ұйымшыл ұжымда 36 білімді, тәжірибелі және жас маман педагогтар қызмет етеді.  Әрбір педагогтың тынымсыз, адал еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасында жақсы жетістіктерге жетіп, мақтанатын жағдайлар да бар.

Былтырғы қараша айында “Жас маман және тәлімгер дуэті-2022” қалалық байқауында ГранПри; ақпан айында Отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу бойынша Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» тақырыбында қалалық кезең байқауына бас жүлдені иеленіп, облыстық деңгейден үшінші орын; наурыз айында қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында ұлттық ойындармен таныстыруда қалалық байқау кезеңде «Ханталапай» асық ойынында бас жүлде берілді.

Сәуір айында «Мен зерттеушімін» қалалық байқауда «Тапқыр зерттеуші» аталымы; қалалық кәсіподақтың ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» қалалық байқауында екінші дәрежелі диплом; «Үздік педагог-2023» тәрбиешілер арасындағы және «Кадрдағы үздік сәттер» сайыста және «Robot mouse» қалалық байқауларды екінші қатардан көріндік. Әріптестер әр күнін ізденіспен өткізеді. Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды, қажетті және жауапты іс болып қала бермек. 

Бөбекжай топтарында өз жұмысын жақсы білетін, білікті мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымындағы барлық қызметкерлердің негізгі міндеті – тәрбиеленушілерге бақыт сыйлау. «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» эксперименттік пилоттық жобада №10 «Таңшолпан» ересек тобы 3 ай бойы жұмыс жүргізді. Педагогтар білімдерін жетілдіріп, облыстық, қалалық деңгейде тәжірибелерімен бөлісіп те тұрады. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің панельдік секциясына қатыстық.

Желтоқсан айында МДҰ-да мектепалды және ересек топтарының тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында АКТ-ны қолдану» тақырыбында қалалық семинар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуы» тақырыбында қалалық семинар, бөбекжай әдіскері Д.Рахмонбердиева қаңтар айында «Педагогтың функционалды сауаттылығы-білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Балаларға бiлiм беруде инновациялық технологиялардың әдiс-тәсiлдерiн қолданудың   маңызы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты медициналық орталықтың “Қарлығаш” балабақшасындағы өкілдердер биылғы наурыз айында біздің бөбекжайға арнайы келіп, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілеріне “Желілік балабақша моделі” тақырыбындағы тәжірибелерін ортаға салды. Ақпан айында педагогикалық ұжым «Білім беру ұйымдарының басқарушылары мен педагогтарының командасын «Стратегиялық менеджмент құзыреттеріне және жаңа педагогикаға оқыту» тақырыбында “Ұлттық ұстаз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен үш ай мерзімдегі курстан өтіп, білімдері мен біліктіліктерін жетілдірген еді.

Аягоз Имангазиевна КАППАСОВА,
«Zerek» бөбекжайының меңгерушісі,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий