Астана қаласы: Ғасырдың сынып жетекшісі
әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «ХХІ ғасырдың сынып жетекшісі» аталатын республикалық әдістемелік-практикалық конференцияға елордалық білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және басқа өңірлердің педагогтерінен құралған төрт жүзден астам адам қатысты, – деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

TEDx Talks форматындағы пленарлық отырыс барысында «Онлайн отбасы» академиясының негізін қалаушы, отбасылық психолог Е.Мырзабаев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылым бойынша вице-президенті Н. Пұсырманов, № 8 мектеп-лицейінің директоры Г.Айтимова сыныпты басқарудағы құндылыққа негізделген білім берудің маңыздылығына тоқталды. Ұлттық құндылықтар академиясының Басқарма төрағасы Ә.Дүйсебек, Qundylyq.kz академиясының негізін қалаушы Ж.Телюканов, «Ұлттық құндылықтар академиясы» тренері А.Ш. Құлмағамбетова, Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі, сынып жетекшісі Н.Мауканов бала тәрбиесіне қатысты өзекті тақырыптар туралы сөз қозғады.
Загрузка...«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, бала тәрбиесіне қатысты, сынып жетекшілерге арналған кітаптар ұсынылды. А. Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қабен Нұрсұлтанның авторлық жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Күннің екінші жартысында шараға жиналғандар ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасына барып, «Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар» қорымен танысып, «Әлем және Қазақстан» «QUIZ» интеллектуалдық ойынын, «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» «Open Air – 2023» фестивалін тамашалады. Республикалық конференция қорытындысы бойынша арнайы материалдар жинағын шығару қажеттілігі де мақұлданды.