Шымкент қаласы: Адал ұрпақ – болашақ кепілі

Жергілікті қосымша білім беру оқу салалық орталығының бастамашылдығымен түрлі салаға қажетті кәсіп иелерін дайындайтын арнайы оқу орындарында білім алушы студент жастардың арасында индустриалды-техникалық колледж базасында “Парасатты қоғам-мемлекет болашағының негізі” тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басты мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыруды, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамытумен қоса кеңінен насихаттауды, өскелең жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуді көздейді. Ойында ОАИУ-нің “Риторика” пікірсайыс клубының мүшелері төрелік жасады. Барлығы он төрт фракция қатысып, жиырма сегіз спикер ойын алаңында бақтарын сынады.Турнирдің соңғы сынақтары нәтижесінде «Болашақ» жоғары колледжінің намысын қорғаған фракция бәсекелестерінің арасында үздік көрініп, жүлделі бірінші орынмен марапатталды.

Екінші орын Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық колледжінің “Ақпен бірге» фракциясына бұйырса, үшінші жүлдені М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі мен Шымкент саз колледжінің командалары тең бөліскен болатын. Дуглас форматында шеберлігін көрсеткен Егізбай Адас “Ең үздік спикер” аталымын иеленді. Тартысты алаңда тапқырлығымен ерекшеленген басқа да фракцияларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий