Озық ойлы оқушы

Абай облысының Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды. Мақсат – шопан ата төлін көбейту. Жобаның тиімділігі: замануи жабдықтарды пайдалану; жоғары сапа; аз шығын;  қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету.

Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электроқойшы» құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады, – дейді жаңашыл жобаны жасаған озық ойлы оқушы.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған. – Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым — шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді, – дейді бұл бағалы бастамасын арнайы ұйымдастырылатын фестивальда көрсетуге қызу дайындығын пысықтауға кіріскен ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий