Қостанай облысы: Орман шаруашылықтарының слеті

Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті мектеп оқушыларына үздіксіз экологиялық білім беруді жетілдіру, оларды шығармашылық тәжірибелік іс-әрекетке тарту, орманды қорғау және туған өлкесінің табиғаты туралы білім деңгейін арттыру, мектеп орман шаруашылығының қызметін арттыру мақсатында Қостанай ауданындағы Владимиров орта мектебінің базасында мектеп орман шаруашылығының облыстық слетін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Слетке өңірдегі бес білім беру ұйымының командалары қатысты: Федоров аудандық білім бөліміне қарасты балалардың шығармашылық үйі (Бүркіт), Қостанай ауданындағы Владимиров жалпы білім беретін мектебі (Жасыл патруль), Әулиекөл аудандық білім бөлімінің Бағаналы негізгі орта білім беретін (Жас эколог), Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі (Бүркіт), Қарабалық ауданы білім бөлімінің Бөрлі жалпы білім беретін мектебі (Лесовик).

Басқосуға мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламадан соң әр команда өздерінің мектеп орман шаруашылығын түрлі формада (Визит карточка) таныстырды. Қатысушылар үшін келесі практикалық жарыстар орманда, станциялар бойынша өтті. Шара барысында балалар туған өлкесінің табиғаты туралы білімдерін көрсетіп, облыстағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі қызметкерлері әкелген  өртті сөндіруге арналған арнайы техника түрлерімен танысты.

Сайыстың қорытынды нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Владимировская жалпы білім беретін мектепке (I дәрежелі), Краснокордон жалпы білім беретін мектебіне (II дәрежелі), Балалар үйі шығармашылық орталығына (III дәрежелі) дипломдар табысталды және басқа да аталымдар бойынша үздіктер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий