Солтүстік Қазақстан облысы: Ағартушы ақын ардақталды

Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Басты мақсат: алаштың ағартушы ақыны жазған шығармалар арқылы халқымыздың рухани мұрасын, ұлылар поэзиясын насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, мектеп оқушыларын классикалық әдебиетті оқуға ынталандыру.

Мағжан оқуларының облыстық кезеңіне барлығы қырық екі оқушы қатысып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.  Бас жүлде – Аққайың ауданы, Смирнов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мамбетова Айданаға бұйырса, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» аталымындағы жүлделі бірінші орын Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мырзыш Жансаяға табысталды.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» аталымы бойынша Шал ақын ауданы, К. Салықов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Есқақ Әдемау алғашқы қтардан көрінсе, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» аталымындағы бірінші орынды Қызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мархабай Арай алды. Мағжан Жұмабаев жоғары колледжі атынан ұсынылған “Жеңіске ерекше ынтасы үшін” дәстүрлі сыйлыққа Қызылжар ауданы, №2 Бескөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрым Алина ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий