Батыс Қазақстан облысы: Биылғы оқу жылының жетістіктері жоғары

Облыс бойынша 379 мектеп қызмет етеді (оның ішінде 64 мектеп облыс орталығында орналасқан), барлығы 118 мыңнан астам оқушы білім алады (оның ішінде 61,4 мың оқушы облыс орталығында оқиды). Осы жылы 9834 түлек 9-сыныптарды аяқтайды, оның 804-і «Үздік аттестатқа» үміткер (облыс орталығында – 346). 11-сыныптарды барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 5786 түлек бітіреді, оның ішінде 254 оқушы «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткер (облыс орталығында- 104), 247- «Үздік аттестатқа» үміткер (облыс орталығында- 79) аяқтайды.

– ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Мамыр айының отыз бірі – биылғы оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес сабақтарын жүргізеді. Сабақ соңында әрбір сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сағаттарының сценарийлерін мұғалімдер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дербес әзірлейді. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау, тоқсан күнге созылатын жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу.

Дәстүр бойынша мұғалім сынып сағатында оқу үшін әдебиеттер тізімін, сондай-ақ қарауға фильмдер тізімін ұсынады, – деді аймақтың бас ұстазы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізілген брифингте Айгүл Мыңбаева. – Қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін айтады.

Сынып сағатының мазмұнды бір бөлігі патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына бағытталады. Мектептер салтанатты шара өткізу, немесе оқу жылын сынып сағаттарымен аяқтау жөнінде шешімді дербес ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңеспен ақылдаса отырып қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеде мектептерде бар дәстүрлерді қолдайды.

Айгүл Әділгерейқызының айтуынша сонымен қатар, министрліктің нормативтік құқықтық құжаттарында мұндай шаралар бұрын болмаған және қазір де жоқ екенін айрықша атап айтқан абзал. Министрлік оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны ағымдағы жылғы 1 маусымда – Балаларды қорғау күніне орайластырып және соның форматында өткізуді ұсынады. Тоғызыншы сынып бітірушілері үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтеді.

Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында болады. 9 сыныптарда 4 пәннен емтихан тапсырады: оқыту тілі (қазақ/орыс тілі), математика (алгебра), қазақ тілі мен әдебиеті/орыс тілі мен әдебиеті, таңдау пәні. 11 сыныптарда 5 пәннен емтихан тапсырады: оқыту тілі (қазақ/орыс/ тілі), алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті/орыс тілі мен әдебиеті, таңдау пәні. Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізу ұсынылды. Облыс бойынша 22 маусымда өткізіледі.

Атап айтқанда, сынып сағаттарын, салтанатты линейкалар, аттестат тапсыру шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады. Барлық аудандық/қалалық білім беру бөлімдеріне басқарманың «Облыстың білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу туралы» (20. 03, 2023 ж, №261) тиісті бұйрығы жолданды.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру және ұйымшылдықпен өткізу мақсатында білім басқармасы облыстық білімді дамыту орталығымен бірлесіп аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен, әдістемелік кабинет меңгерушілерімен, облыстық мектеп директорларымен ЗУМ арқылы онлайн семинарлар ұйымдастырылды Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бойынша қорытыныды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады. Колледждерді биыл бес мыңнан астам түлек аяқтайды.

Қазіргі таңда студенттер жыл қортындысы бойынша оқу сессиясын тапсыруда. Колледж түлектері дипломдық және сарамандық практикадан өтуде. Дипломдарды тапсыру салтанатын 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылады. 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» іс- шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес форумдар, концерттік бағдарламалар, акциялар, экспедициялар, челлендждер, байқаулармен қоса тағы да басқа әр түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соның ішінде, облыс әкімінің қатысуымен «Ақжайық жас дарыны -2023» облыстық форумы, «Бар жақсылық балаға» мерекелік шарасы, «Aqjaiyq fest»этнофестивалін өткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Қала сыртындағы 19 лагерь өз жұмыстарын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындыларын алғаннан кейін бастайтын болады. 2023 жылы жазғы кезеңде бос уақытты ұйымдастырудың әр түрлі бағытымен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 103 134 оқушы немесе 93,6 пайызды  қамтылды деп жоспарлануда (2022 жылы 103 438 оқушы немесе 95,5%).

Әртүрлі бағыттағы 680 лагерьлер жұмыс жасап (2022 жылы 608 лагерь), қала сыртындағы 19 лагерьде 7310 оқушы (2022 жылы 19 лагерьлерде 7631 оқушы); мектеп жанындағы 282 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылатын лагерьде 28 282 оқушы (2022 жылы 275 лагерьлерде 32169 оқушы), 370 мектеп жанындағы тамақ ұйымдастырылмайтын лагерьлер және бейіндік алаңдарда 59 586 оқушы (305 лагерьлерде 52899); тоғыз шатырлы лагерьлерде 2931 оқушы (2022 жылы 9 лагерьлерде 3117); ата-аналарымен басқа да демалу орындарына 4782 оқушы (2022 жылы 7241 оқушы) демалады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 2022 жылы Астана, Түркістан, Сарайшық, Ресей Федерациясының Волгоград және аудандық лагерьлерден Орал қаласына, Казталов, Шыңғырлау, Бөкей ордасы ауданындағы Жәңгір хан ашқан алғашқы білім ордасы мен Хан Ордасы музейіне экскурсияға барып, тарихи-мәдени мұралармен танысып қайтты (қамтылған бала саны – 3067). Оқушыларды санат бойынша қамту мәселесіне келсек облыс бойынша әлеуметтік қорғалмаған балалардың ішінен 452  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан балалардың 100%-ын (2022 жылы 459 немесе толық жүз пайыз).

7829 аз қамтылған отбасынан шыққан балардың жүз пайызын (2022 жылы 7457 немесе 100%-ын), мүмкіндігі шектеулі 2951 балалардың 96,3%-ын (2022 жылы 88,5%-ын), девиантты мінез-құлықты (мектеп есебінде тұрған, қолайсыз отбсының балалар және полиция бөлімдерінде есепте тұрған балалар) 556  оқушылардың 98,5%-ын (2022 жылы 98,5% -ын) жазғы демалыспен қамтылды деп жоспарлануда. 

Былтырғы жазғы лагерьлердің ұйымдастырылуы бойынша мониторингтік жұмыстар бойынша  «Балалар жылына» орай балалардың қатысуымен жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының бастауымен жаңа жоба «Қауіпсіз балалық шақ-2022» атты ведомствоаралық акциясы аясында рейдтік жұмыстар жүргізілді. 2022 жылы бес мыңнан астам оқушы оқушы жүзу дағдыларын меңгерді.

Қазіргі таңда балаларды суда жүзу дағдыларына, қауіпсіз жүріс-тұрысқа үйрету үшін облыс бойынша 32 каркасты – модульдік бассейн бар. ағымдағы жылы қосымша бес каркасты-бассейн алу жоспарлануда (Жаңақала-2, Тасқала– 2, Дарын- 1). Жазғы кезеңде балалардың жазғы демалысы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, 2 рет Теректі және Тасқала аудандарына көшпелі отырыс өткізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті  және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығын іске асыру және дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында 2023 жылғы жаз мезгілінде «Жаздық сауықтыру және демалыс жолдамасы» әлеуметтік жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Аталған жобаға өңірден 895 ауыл балалары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен өңіріміздің облыстық Евразия туристік сауықтыру кешенімен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық Балаларға арналған елу сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жол картасына өңірімізден бір маусымдық, 1 жыл бойғы лагерь құрылысына қажеттілік жолданды (жол картасы бекітіліп әлі күнге келген жоқ). Биылғы жылы жалпыға міндетті оқу қорынан жекелеген санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамтуға 123,0 миллион теңге қарастырылған (2022 жылы 72 351,0 мың теңге).

Үміт ЖАНГІРОВА.
Батыс Қазақстан облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметінің
жетекшісі, Орал қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий