Алматы қаласы: Жасыл мектеп жобасы

Мегаполис әкімдігі EN Social компаниясымен бірлескен түрде былтырдан бастап «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Басты мақсат жергілікті білім беру ұйымдарында эко-рейнджерлер тобын құруға бағытталған. Олар сарапшылардың техникалық және әдіснамалық қолдауымен мектептерде қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асырып, бастауыш сыныптар үшін тренингтер өткізді, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Және барлық мектептерде заттар мен кітаптар алмасу бойынша эко-фестивальдар ұйымдастырылып, құстарға жем салғыштар жасалды. Сонымен қатар жастардың эко-белсенділіктерін ілгерілету үшін мектеп жеделхаттары мен ютуб арналары құрылған болатын. Бұл жаңашыл жобаға биыл барлығы 11 мектеп қатысып, оқушылар жиаған 1,5 тонна қалдықтар қайта өңдеуге берілген. Әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін әдеттегідей кейін қолданыстан шығарылған барлық дәптер, контурлық карта мен күнделіктерді де сол жерге жіберу келісілген.  

Жобаның ұйымдастырушылары алдағы уақытта ең белсенді экорейнджерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттап, үздік топтарды қоқыс іріктеу зауытына экскурсияға апару арқылы қайта өңдеуге болатын тұрмыстық қалдықтарды қадеге жаратудың барысымен таныстыруды жоспарлап отыр. Меганолис мектептері осы жобамен толық жүз пайыз қамтылған жағдайда қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру мәселесі тиімді реттеліп, балалар арқылы тұрғындар арасында эко-мәдениеттің негізгі қағидаттарын қалыптастырудың мүкіндіктері кеңейеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий