“Есobatys: экологиялық жобалар навигаторы” аймақтық форсайт кездесу шеңберіндегі “Экоsteam ғажайыптары” семинар-практикумы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жас ұрпақты қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту, білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «EСOBATYS: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР НАВИГАТОРЫ» аймақтық форсайт кездесу шеңберінде Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы базасында «ЭКОSTEAM ғажайыптары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтері қатысты. Семинар «Өнерлі балақай!» бүлдіршіндердің сазды сәлемдемесімен ашылып, «Жаңа модельге бағытталған жаңа бастамалар» бөбекжай жұмысының таныстыруымен жалғасты. Семинар барысында «Әкенің тәрбиесі – балаға 100 жылдық азық» «Кемеңгер әкелер» клубының жұмысы, «Жер-ортақ үйіміз!», «Жас эколог сақшылары», «STEAM зертханасының ғажайыптары», «Бау-бақша – береке бастауы» танымдық кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттері, «Кішкентай зерттеушілер» жобасы аясында зерттеу жұмыстары өткізілді.

Сонымен қатар, «Робототехника әлемінде», «Жануарлар әлемінде», «EСO Package – шығармашылыққа жаңа көзқарас», «Кәсіби өсу мектебі», «Балабақшада инновациялық-экологиялық жоба», «Маленький Эко-герой нашего большого города» жобалары аясында шеберлік-сыныптары, «Метеоаймақта қызықты бақылау» бақылау жұмысы көрсетіліп, қатысушылар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Практикум соңында «Бөбекжайға 10 жыл» бөбекжай саябағына тал отырғызылды. «Есobatys: экологиялық жобалар навигаторы» аймақтық форсайт кездесуі аясында облыстық экологиялық –биологиялық орталығында ішкі көгалдандыру және абаттандыру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, «Эко-мектеп» жобасын жүзеге асыру бағыттында жобалар көрсетілімі өтті.

«Тамшылатып суару арқылы су үнемдеу және калифорниялық құрттарды пайдаланып биогумус өндіру жобалары» тақырыбымен Тасқала ауданы, Ақтау «мектеп-балабақша» кешенінің 9 сынып оқушысы А.Дусенова, «Қоқыс жәшігінің идеяларымен» Тасқала ауданы, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы А.Галихан жобаларын таныстырды. Сонымен қатар шараға қатысушылар «Жасыл орта баланың көзімен» айдары бойынша жұмыстарды көріп, орталықтың жылы жайынның тәжірибелерімен зообақты тамашалады.

Сонымен қатар қатысушылар Экомектеп жобасы бойынша «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» үздік мектеп үлескесі бағытымен №37 жалпы орта білім беретін мектебі, Экомектеп жылыжайы – тәрбие және тәжірибе алаңмен №5 жалпы орта білім беретін мектебі, «Экологиялық мәдениетті дамыту құралы ретінде көкөніс және сәндік өсімдіктерді өсіруде мектеп жылыжайын құру» бойынша №16 жалпы орта білім беретін мектебі және «Экомектеп – табиғатпен еңбекті ұштастыратын орта» тақырыбымен Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебі жылыжай, жер үлескесімен тиімді жұмыс істеудің тиімді әдістері мен іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Есobatys: экологиялық жобалар навигаторы» аймақтық форсайт кездесуі «Экологиялық білім беру және ағарту» форсайт-сессиясымен жалғасын тапты. Астана қаласынан келген арнайы қонағымыз Caravan of knowledge корпоративтік қорының операциялық директоры Джакенов Хасен Батыс Қазақстан облысы – оқушыларға экологиялық білім беру көшбасшысы екеніне тоқталып, “Жасыл ұрпақ бәйгесі” жобасымен «Шелл Қазақстан» компаниясының тапсырысы бойынша Caravan of Knowledge корпоративтік қоры жобасы 2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында басталып, қазіргі таңда аймағы кеңейіп жатқанына тоқталып өтті.

Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің экология және биогеохимия сынақ зертханасының жетекшісі, Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты З.К.Кунашева болашақ педагогтарда экологиялық тәрбие мен мәдениетті қалыптастыру жолдарына тоқталды. Қатысушылар шығармашылық топтарда жұмыс жасап, алда экологиялық бағытта жұмыстарды жүйелі жүргізудің тиімді жолдарын бірге іздестірді. Мәнді шара Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің «ECOLOGY» үгіт тобының музыкалық бағдарламасымен және «Жас экологтар» әнімен қорытындыланды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий