Алты алаштың ардақтысы атанған азаттықты аңсаушы ағартушы ақын

Алты алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деген еді. «Мағжантану» курсы  жалынды ақынның  мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой – санасының қалыптасуына ықпал ету. «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті». Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халқына деген сүйіспеншілігі, өз еліне қызмет жасап, шығармашылыққа, еңбекке баулу алдымен бастауыш сынып оқушыларының бойына қалыптастыруды қажет етеді.

Ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдерін үйрету арқылы, ақындыққа баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Ғылыми-әдістемелік деңгейі көркем шығармаларды оқыту арқылы әдеби қабілетін дамыту мақсатын көздейді.  Мағжан шығармаларын оқыту соңғы жылдары жалпы бағыт бағдары, ізденістер мен кемшіліктердің жай-күйін таразылай келгенде орын алғаны айқындалады.

Мағжан Жұмабаевтың сонау әбігер заманда айтқан тәрбиелік, танымдық ойларының қазіргі уақытқа дейін мәнінің жойылмауы, өзектілігінің тіптен арта түсуі кім-кімдікі болса таң қалдырары сөзсіз. Әрине, ұрпақ тәрбиесі қоғамдық құбылыс десек те, Мағжанның болашақты болжай білудегі көрегендігі, мәселен «Баланы заманына лайық ете отырып, оқытып, тәрбиелеу керек» — деген тұжырымдары бүгінгі күн үшін айтылғандай.

Қазіргі жас ұрпақтың ғаламтор желісінде көп отыратыны, тәрбиеге ата-ананың уақытының тапшылығын бар екені мәлім. Сол себепті, өлең шығармалары арқылы рух, жігерін көтеріп,  еліне деген сүйіспеншілігіне, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашатыны анық.

Мағжан Жұмабаев балалар әдебиетін жасауда зор үлес қосқан. Алаш зиялыларының өмірі, шығармашылығы, еңбегі жайлы насихаттауда ұлт болашағы үшін өте маңызды.  Әдебиет әлемі арқылы  жас ұрпақтың бойына сіңіруде өте құнды. Мағжан Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күнмен ұштастырған Халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп, қабылдауды қажет деп ескерген. Өлең, шығармалары арқылы дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухы биік, мәдениеті жоғары, еңбекқор жағымды қасиеті жеткілікті ұлт тәрбиелеу.

Алаш арысы атанған азаттықты аңсаушы ағартушы ақынның шығармалары мен еңбегін жас ұрпаққа танытуда, олардың азаматтық ұстанымы, ұлттық ой –сананың қалыптасу, ақынның рухани мұрасы мен өмірі жайлы насихаттау болып табылды. Мағжанның мол мұрасы арқылы рух, жігерін көтеріп,  еліне деген сүйіспеншілігіне, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашады.

Халқымыздың от жалынды,аса зор талантты ақыны Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Жас ұрпақтың ізденушілікке білім-білік  дағдыларын, танымдық қасиеттерін нығайып, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық әрекеттері жетіліп, білімдерін үздіксіз жетілдіруге бағыттайды. Қорыта келгенде, бүгінгі таңда заманымыздың басты талаптарына айналып отырған рухы биік, елжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде, Мағжан өлеңдерін пайдаланудың маңызы зор.

Толқын Токенқызы ЖАҒЫПАРОВА,
65 мектеп-гимназияның бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий