Қызылорда облысы: Сыр дарындары топ жарды
Ағымдағы жылдың мамыр айында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды (республикалық) кезеңі өткізілді. Қашықтан өткізілген олимпиадаға аймағымыздан 15 оқушы қатысып, 8 пән бойынша бақтарын сынады, — деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша дарынды оқушыларымыз топ жарып, 3 — алтын, 3 — күміс, 5 — қола медаль және 2 алғыс хат иеленді. Бірінші орын иегерлері: Бегалы Шұғыла — Қазалы ауданы, №249 мектеп, Жолдасбай Бекнұр — Арал ауданы, №260 мектеп, Пак Амелия — Арал ауданы, №14 мектеп, 5-сынып, екінші орын иегерлері: Журахан Шахназ — Шиелі ауданы, №47 мектеп, Төремұратова Айлышуақ — Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Мырамыр Данияр — Жалағаш ауданы, №123 мектеп.
Үшінші орын иегерлері: Шанбай Дінмұхамед — Арал ауданы, №83 мектеп, Еспанов Кенхан — Жалағаш ауданы, №123 мектеп, Өскен Досбол — Қызылорда қаласы, №278 мектеп, Бекмұрат Бағлан -Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Боздакова Инабат — Арал ауданы, №14 мектеп. Алғыс хат иегерлері: Болатбек Ұлықпан — Арал ауданы, 2 ОММЛИ, Абдрахманова Тоғжан — Қызылорда қаласы, 3 мектеп.