Ақтөбе облысы: “Қоғам. Тұлға. Отбасы” тақырыбындағы ата-аналар форумы

Ақтөбеде «Қоғам.Тұлға.Отбасы.» атты облыстық ата-аналар форумы өтті. Облыстық ата-аналар форумына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директоры Е.Иманалиев, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, кәсіби коуч, психологтар, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, ұстаздар, қамқоршылық/әкелер кеңесінің, ата-аналар комитетінің төрағалары, барлығы 1000 адам қатысты.
Форумның мақсаты – бала тәрбиесінде ата-аналар мен мектептердің, қоғамдық ұйымдардың біріге және тұрақты қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын айқындау, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, балалар мәселесін анықтау және шешу жолдарын айқындау.
Бала тәрбиесіндегі әке мен бала, отбасы құндылықтарының ролін насихаттауға бағытталған форумда облыс әкімі Ералы Тоғжанов «мықты мемлекет болу үшін қоғамда қуатты отбасы көп болу керек. Тәрбиенің тал бесіктен басталатыны белгілі» екенін атап өтті. Сонымен бірге, форумға арнайы шақырылған қонақтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, форум қонақтары ұрпақ тәрбиесі және құндылықтар диалектикасы, бәсекеге қабілетті бала тәрбиелеу, Z және альфа ұрпақтары, зиянды заттарға тәуелділік туралы сөз етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий