Астанада студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе ашылды

Жатақханалардың жетіспеушілігі мәселелерін талқылау мақсатында инвесторлар мен жоғары оқу орындарының басшылары Жобалық кеңсенің ашылу салтанатына қатысты. Жобалық кеңсенің ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтау сөз сөйледі.
Президенттің тапсырмасы бойынша студенттер үшін жаңа жатақханалар салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, өйткені орын тапшылығы еліміздің көптеген өңірлері, атап айтқанда Астана қаласында өзекті болып табылады, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
2023 жылдың наурыз айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана әкімдігі арасында студенттік жатақханалар құрылысын іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Жол картасында 2023 жылдың соңына дейін 1814 төсек-орын енгізу қарастырылған. Жалпы, елордада 15 жоғары оқу орны бар, тапшылық шамамен 15 мың төсек-орынды құрайды. 2018 жылдан бастап елордада 7 647 төсек-орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілді.
Тапшылық мәселесін шешу мақсатында студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету бойынша жеке инвестицияларды тартуды көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Биыл «Қаржы орталығы» АҚ Министрлік әзірлеген осы тетік бойынша субсидиялауға және басқа да мәселелерге көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда студенттік жатақханалар салу мәселесіне қызығушылық танытқан 10-ға жуық инвестор мен 10 жоо бар.
Инвесторлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында студенттік жатақханалар салу жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар «Қаржы орталығы» АҚ бірнеше жоғары оқу орнымен студенттік жатақханалар салу бойынша және одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Олардың ішінде: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана медицина университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Maqsut Narikbaev University және Astana IT University.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий