Жылы жүрек: Жомарт қол жандарға алғыс!
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанкулова Света Курманбекқызының жоспарлаған бастамасына сәйкес мектептегі бастауыш сыныптың мұғалімі Мырзалиева Гүлмира Амангелдіқызының үйлестіруімен «Жылы жүрек-жомарт қол» кездесу, “Жомарт түлек”, “Туған елге тағзым ету парызым, Туған жерге тағзым ету парызым ” тақырыбында елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жомарт түлектерімен арнайы форум ұйымдастырылды.
“Алдыма қойған мақсатыма жетемін» дейтін жастарымызға мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Жас буынның шығармашылық потенциалын дамытып, оларға мотивация беретін дәл осындай игі жобалардың бірі – «Жомарт түлек» деп айтсақ болады. “Армандастар” әніменен келген жомарт түлектерімізді қарсы алған ұстаздарымыз бен оқушыларымыз концерттік бағдарламамен жалғасты. Жүргізуші Қойшыбек Мырзахан Жомарт түлек жобасы аясында арнайы келген жомарт түлектерді, құрметпен қол соғып қарсы алайық деп ортаға шақырылды ән әуенімен қонақтарымыз жайғасты.
Мектебіміздің директоры Таженова Шолпан Сатыбалдықызына сөз кезегі берілді. Ұстаздар ұжымының жетекшісі форумның маңызына тоқталды. Мектеп түлектерінің білім ордасының өміріне бей-жай қарамай, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, алғыс сезімдерін қалыптастыру. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан жомарт түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізгендігін және мектепте “Түлектер тақтасы” стенді мектептің фоэсін соңғы үлгідегі дизайнмен безендірілгенін айтты.
Жомарт түлектеріміздің патриоттық сезімнің үздік үлгісі – туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне деген құрметі. Алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы жомарт түлектеріміздің көңіл қуантады деп сөзін қорытты. Мектебіміздің мақтанышы республикалық, аудандық ән байқауларда “Бас жүлде” иегері атанып жүрген ең үздік оқушымыз Сұлтан Тахмина Ардаққызы “Туған жер” әнін орындады. «Шолақтау» Мемлекеттік өндірістік кәсіпорны директоры 1983 жылғы мектеп түлегі Омаров Құдиярбек Кеңесбекұлы ағамызға және Дарынды балаларға арналған мамандырылған лицей интернаты кәсіп бағдар беру педагогы 1982 жылғы мектеп түлегі Бекбердиева Ләззат Қанатбекқызына және мектебіміздің ардагер ұстазы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері Шардарбекова Зеберкуль әпкиге, Тараз-Құрылыс «Дизайн» ЖШС директоры 1984 жылғы мектеп түлегі Бекбердиев Ғазиз Қанатбекұлына сөз кезегі берілді. Жомарт түлектеріміз ыстық лебіздерін ұлағатты ұстаздарына айтып, жеткен жетістіктері туралы оқушылармен бөлісті. 1-2 сынып оқушылары билер билеп концерттік бағдарламаны көркемдей түсті. Жомарт түлектеріміз Парманов Талғат Паршынбекұлы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының басшысы 1999 жылғы мектеп түлегі, «Шолақтау» Мемлекеттік өндірістік кәсіпорны цех механигі 1993 жылғы мектеп түлегі Қаржаубаев Серік Сейсенбекұлына,
Абдикаримов Ислам Бексұлтанұлы АШК филиалының бас менеджері 2005 жылғы мектеп түлегі, Мектебіміздің үздік түлегі Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы, Кардиохирурги́я бөлімі, Анестезиолог-реаниматолог Мырзағұлов Ақжан Әсембекұлы 2005 жылғы мектеп түлегі, Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2007 жылғы мектеп түлегі Тұрлықұлов Ержан Еркінбекұлына, Қаратау ауылдық ауруханасының аға дәрігері, мектептің 2007 жылғы түлегі Мырзағұлов Бекжан Әсембекұлына сөз берілді.
«Жомарттық – жанның байлығы» -дегендей жомарт түлегіміз Бекбердиев Ғазиз Қанатбекұлы мектебіміздің ұстаздары физика пәнінің мұғалімі Дүйсенбиева Мейізкул мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейтова Нурила және география пәнінің мұғалімі Дәуренбекова Жанерке, бастауыш сынып ұстаздар Есенбекова Бекзат, Сармантаева Гүлсімді ақшалай сый-сияпат және алғыс хатпен марапаттады. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында кітапты көп оқып сусындап жүрген, облыстық, аудандық байқауларда бірінші орын, бас жүлде алып көзге түсіп жүрген оқушыларымыз Сейділда Айдос Ертарғынұлын, Жуасбек Жайна Сағымбекқызын, Жаңабек Балжан Ғабитқызына велосипед сыйлап қуантты.
Жомарт түлегіміз Абдикаримов Ислам Бексұлтанұлы мектебіміздің озат оқушысы М. Мақатаев оқулары байқауында ауданнан бас жүлде алып облысқа жолдама алған оқушымыз Әмірханқызы Шұғыланы ақшалай сый-сияпатпен оралды. Бұрынғы мен бүгінгі кезеңді салыстырып, қазір оқимын деген жастар үшін көп мүмкіндіктер жасалып жатқан жомарт жанды түлектерімізге алғыс білдіреміз. Сан салада тер төгіп жүрген жомарт жанды саңлақтар араға жылдар салып сүйікті мектебімен қауышатынын асыға күтетіндігі сөзсіз.
Балалық шаққа саяхат, өткен күндерден сыр шертетін әсерлі әңгімелер, қағытпа қалжыңдар мен мотивациялық кеңестер жан сарайын кеңіте түскендей. Жомарт жанды түлектеріміз пайымды пікірлер айтылып, ән мен жырдан шашу шашылған кештен көпшілік үлкен әсермен тарқасты.
Ақбаян БҮРЛІБАЕВА,
“Қаратау” орта мектебінің тәлімгері,
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейхан ауылы
Загрузка...