Оқуға құштар мектеп: Поэзия – сөз  әуені

Аудандық мектептердің қолдауымен біздің білім ордасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Поэзия – сөз  әуені» атты әдеби – сазды, поэзия фестивалі ұйымдастырылды. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Әлқисса, қазақтың әрбір ұл-қызы саналы ғұмырында қаламның қасиетіне бас иіп, сезімге толы сырын желдей желбіреген жалынды жырларымен ұштастырып жүр. Әрине, ақындық шабыт әр адамға берілмейді.

Бойға шабыт келген күнде де оны дұрыстап ұйқасы мен буындарын үйлестіре білу тағы бар. Дегенмен, ақын болмасам да ақындарға жақынмын деп, жүрегінің сыры болған жырын ұсынатын оқырмандар сахына төрінде өз өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген қазақ ақындары Елгезек Ақбереннің «Тілек», «Мінәжат», Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік таңы», Саят Қамшыгердің – «Бақыт», Бейбіт Сарыбайдың «Өлеңнің құлагерін туған дала», тағы көптеген ақын жазушылардың шығармаларын жатқа айтты.

№20 мектептің оқушысы Амантай Расул, қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың немересі, ақынның шығармаларын жатқа оқып, кешті ұйымдастырған мектеп кітапханасына автордың туындыларын сыйға тартты. Бұл іс – шараның мақсаты – қазақтың біртуар ақын – жазушыларының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетті екенін ұғындыру.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру, ақиық ақындардың жалынды жырлары арқылы жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту. Жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған оқушылар Алғыс хатымен марапатталды.

Толқын АБДУАЛИЕВА, №83 гимназияның кітапхана меңгерушісі, Алматы қаласы, Түркісіб ауданы

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий