Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында еліміздің құрама командасы үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді: қола – Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Алтын – Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қола – Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан. Екі оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Даир Нұртаев, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, Павлодар қаласынан. Марғұлан Нұрсағатов, №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, Алматы қаласынан. Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен Халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий