Қарағанды облысы: Білім басқармасының басшысы креативті оқушыларды құттықтады
«Болашаққа жолдама» форумы аясында «PLATON-ОЙЛАУ 5 D» креативті индустриялар саласындағы алғаш рет шығармашылық жобалар байқауының финалдық кезеңі өткізілді. Барлығы 3-11 сынып бойынша 109 оқушы қатысып, финалдық кезеңге 19 оқушы өтті.

Әділқазылар құрамына «PLATON – ойлау 5D» жобасының авторы, «Kazakh tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Креативті туризм департаментінің директоры Харитонова Ирина Владимировна және менеджер Абдрахмет Дина Мереевна қатысты. Шығармашылық жобалар байқауы келесі номинациялар бойынша өткізілді. 1) “Ұлттық қаһарман бейнесі» номинациясы; 3-4 сынып оқушылары үшін – суреттер немесе коллаждар.
Загрузка...5-6 сынып оқушылары үшін – бейнероликтер; 7-8 сынып оқушылары үшін – қысқаметражды фильмдер немесе мультфильмдер. 2) «Creative Digital» номинациясы; 9-11 сынып оқушылары үшін – мобильді қосымша, симуляциялық ойын, онлайн курс, сандық киім топтамасы және тағы да басқалар., Барлық байқау қатысушыларын жеңістерімен құттықтап, болашақта үлкен жетістіктер тілейміз.