Шығыс Қазақстан облысы: Кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының кеңесі

«Ертіс-концерт» ғимаратында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлар кеңесі және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 70 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Колледж өзінің 70 жылдық тарихында, республикадағы беделді және жетекші оқу орындарының бірі ретінде танылды. Бүгінгі таңда колледж сұранысқа ие және беделді техникалық мамандықтар бойынша студенттерді дайындайды, бірқатар кәсіпорындармен ынтымақтасады. Бұл әрине, студенттердің кәсіби дамуына ықпал етеді, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Колледж серіктестері – «Казцинк-Энерго» ЖШС, «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ, «КЕМОНТ» АҚ, «AES Өскемен ГЭС» ЖШС, «Өскемен жылу электр орталығы» AES ЖШС және басқа да кәсіпорындар. Колледж құрылған уақыт ішінде облысымыздың кәсіпорындарында сұранысқа ие 22 мыңнан астам мамандарды дайындады. Колледж түлектері облыста, одан тыс жерлерде де табысты еңбек етіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейін жетістіктерімен дәлелдеп келеді.

Колледждің жоғары материалдық-техникалық жарақтандырылуының, заманауи Құзыреттілік орталығының және білікті оқытушылар құрамы жұмысының арқасында колледж студенттері барлық кәсіптік жарыстарда, WorldSkills чемпионаттары мен олимпиадаларында облыс пен республикада ғана емес, сонымен қатар, халықаралық деңгейде де жыл сайын жүлделі орындарды иеленуде. Бұл күні колледж ұжымы Энергетика министрлігінің, ШҚО әкімдігі мен қалалық әкімдіктің, мәслихаттың, ШҚО білім басқармасының, кәсіподақ ұйымының лайықты марапаттарына ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий