NIS Challenge – түлектер мен оқушыларды табыстырған интеллектуалды алаң

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жоғары сынып оқушылары мен түлектердің қатысуымен NIS Challenge интеллектуалдық ойыны өтті. – Мен бірінші раундтан бастап өз командаммен тез табысамыз деп ойламадым, өйткені біз мүлдем таныс емеспіз. Мен көптен бері мектепте болмадым, алайда сұрақтарға жылдам жауап беріп, ортақ тіл табуға бізге бес-ақ минут жеткілікті болды. Бұл ойын түлектермен және оқушылармен командада жұмыс істеу үшін және күш біріктіруге көзделген. NIS Challenge – түлектерді осындай форматта мектепке шақыруға арналған сәтті шешім, – деп мектеп түлегі Дәурен Кәкімжанов пікірімен бөлісті.

Негізгі мақсат – оқушылар мен түлектер арасындағы байланысты нығайтып, таным көкжиектерін кеңейту. Жарысқа әртүрлі сынып оқушылары мен мектеп түлектерінен құралған он бір команда қатысты. Бес раундтан құрылған тартысты додада тарих, география, мәдениет, әдебиет, спорт және логикаға қатысты сұрақтар қойылды. Нәтижесінде жеңіске жеткен топ арнайы жүлдемен марапатталды.

– «NIS Alumni» қауымдастығының мақсаты – түлектер мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту. Осы ортақ мақсатты жүзеге асыру барысында екінші жыл қатарынан осындай қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырудамыз. NIS Challenge дәстүрлі түрде оқу жылының соңында өтеді және биылғы қатысушылар саны артып, ойын өте белсенді өтті, – дейді Зияткерлік мектептің кәсіптік бағдарлау жөніндегі кеңесшісі Азат Жауылбаев.

Топ жарған «Глюкотехники» командасы 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Ол сомма арнайы NIS түлегі грантының қорына жіберіліп, Зияткерлік мектептің резерв тізіміне түскен бір оқушының оқу ақысын төлеуге жұмсалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий