Күн күлдіріп: Жаз қызығы – көңілді демалыс
Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын ұйымдастыру қызық болуы керек. Өскелең ұрпақ, яғни балалар жазғы каникулда, бос уақыттарында ұялы телефонға көп байланысты болып қалады. Оқушылардың жазғы каникулдары қызықты болсын деген оймен мектеп жанынан лагерлер жұмыс істей бастады. Биылғы жаңалық десек те, болады қосымша білім мекемелері, оның ішінде муыка мектептері де осы жазда оқушыларымызбен тығыз байланыста болып, түрлі ойындар, сауықтыру бағдарламалары мен концерттер ұйымдастырдық.
Мақсатымыз әр оқушының бойына қандай да бір қуаныш, тәлім-тәрбие, рухани азық беру. Музыка мектебі –шығармашылыққа үйрету мен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, оқушының ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші. Біздің білім шаңырағының ұстаздары мен оқушылары жазғы демалысқа, тығыз байланыс орната отырып белсенді түрде қадам бастық.
Жаз айының бірінші күні, балаларды қорғау күні. Бұл күн балалар үшін өте маңызды. Мектеп алаңына оқушыларымызды жинап, түрлі ойындар ойнатып, би-билеп, бой жазып ойнап-күліп тарқастық. Мектебіміздің ұстаздары ұйымдастырған қазақтың ұлттық ойындары мен орыс халқының ойындары ойнатылды. Бой жазып, көңіл көтеріп, билеп ән де айтылды. Ата-аналар мен оқушылар тамаша әсер алып, әдемі көңіл-күймен тарқасты. Біздің ұйымдастырған шараларымыз мұнымен шектелмейді.
Осы күні мектебіміздің гитарашылар және домбырашылар ансамблдері, аудан орталығында орналасқан саябақта гитара-домбыра патиге қатысты. Саябақ демалушылары мен қонақтары керемет әсер алды. Оқушыларымыз да жаңа шабыт алып, ерекше қуаныш тарқасты. Енді жаз айларындағы жоспар бойынша балаларымызды театрлар мен конкурстарға концерттерге қатыстырып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге шақырып отырмыз. Мамыр айының 21-і мен маусымның алтысы аралығында 5-6 сыныптар арасында өтіп жатқан, республикалық гандболл ойындары лигасының ашылу-жабылу салтанатына оқушыларымыз атсалысып жүр.
Маусым айының бесі актерлік шеберлік сыныбының шығармашылық күні. Актерлік шеберліктен сабақ беретін мектебіміздің ұстазы Исмаилова Зарина Шыңғысқызы оқушыларымен бірге спектакль қойылымын дайындап, шеберліктерін арттырып, тәжірибе алмасады. Алматы қаласындағы драма театрға спектакль тамашалауға барады. Маусымның 13-інде Байсерке елді мекенінде орналасқан қарттар үйіне барып, ата-әжелерге жақсы көңіл күй сыйлау үшін, оқушылар мен ұстаздарымыз концерт береміз.
Жаз айларында оқушыларымыз келесі оқу жылында болатын байқауларға ұстаздарымен бірге дайындық жүргізеді маусым айының 1-15 күндері аралығында. Маусымның он бесінен бастап шілде айының бірінде «Ұлттық домбыра» күніне дайындық. Мектеп ұжымы және оқушылар маусым айының он жетісінде Алматы қаласында өтетін «Rainbow of talentsin Almaty» халықаралық байқауында, оқушыларымыз өз бақтарын сынап көрмекші.
Маусым айының 21-і күні көрмеге барып, оқушыларымызға танымдық саяхат ұйымдастырамыз. Шілде айында үлттық домбыра күнін тойлап, домбырамен күйден шашу шашып, оқушылар мен ұстаздар құттықтауы болады. Ерекше атап өтетін жайт «Мен де жұлдыз борламын» республикалық байқауының жеңімпаздары, халық аспаптар бөлімінің оқушылары, Грузия елінде өтетін финалдық байқауға қатысады. Тамыз айында жаңа оқу жылына дайындық жүргізіп, бірінші сыныпқа қабылданған оқушылармен танысып, ата-аналарымен түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп, оқу жылын бастаймыз.
Шолпан Тауыпалдықызы АЛДИБАЕВА,
№1 балалар музыка мектебінің директорының
міндетін уақытша атқарушы, Алматы облысы,
Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы
Загрузка...