Дарындылар форумы өтті

Атырау облысының орталығында «Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалды ұлт болашағы» атты форум өтті. Форум аясында Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов халықаралық, республикалық олимпиада мен конкурстардың жүлдегер оқушыларымен кездесіп, оларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Серік Жамбылұлы 2022-2023 оқу жылында облыс мерейін асқақтатып, халықаралық ғылыми жобалар жарыстарының, пәндік олимпиадалар жеңімпаздарына Алғыс хат табыстап, оларды ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Шара барысында балалар облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кейін дарынды оқушылардың қатысуымен «Атырау дарындары» әніне түсірілген бейнеклипінің тұсаукесері өтті.

Облыс оқушылары соңғы үш жылда пәндер олимпиадасынан республикалық командалар арасында үздік үштіктен көрініп келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы – 42 медальмен 3-орын иеленіп, 2022 жылы 55 медальмен 3-орынға ие болды. Ал биыл 35 медаль иеленіп, республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағытында республика бойынша 2-орынды иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий