Әлемнің 4 ең үздік университетіне қабылданды

Қазақстанда халықаралық беделді байқауларда төс белгі алып, атақты шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға түсіп жатқан білім алушылар саны күн санап артып келеді. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Раимқұл Адия да бар.

Ол Мадисондағы Висконсия университетіне (АҚШ-тың 20 университетінің қатарында), Тартус университетіне (Эстония Республикасы), Колорадо Мемлекеттік университетіне (АҚШ) және Назарбаев Университетіне (Қазақстан Республикасы) оқуға түсті.

«Мені барлық дүние қызықтырады» – дейді Адия. Ол өз бетінше неміс тілін үйреніп, терең ойлы шығармалар жазады, спортпен шұғылданады, физика, математика, информатика сияқты нақты ғылымдарды бар ынтасымен оқиды. Мектепте оқып жүрген жылдары оның күнделігінде тек «бес» деген баға болған. Адияның айтуы бойынша, бұл оның жанұясы мен гимназия педагогтерінің ерен еңбегі. Ата-анасы оның бойына жауапкершілігі бар, адал, ибалы да инабатты адамның қасиеттерін сіңірсе, ұстаздары Адияны оқуға бағыттап, өзін жетілдіруге көмектеседі.

Оның қашан да жан-жақты дамыған, барлық нәрсеге қызығушылық танытатын оқушы болуы оның көркем гимнастика шеберіне кандидат болуға игі ықпалын тигізді. Адия – Гёте Институтының неміс тілі бойынша халықаралық олимпиадасының жеңімпазы. Неміс тілі бойынша «Дарын» облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы, биология бойынша «Дарын» облыстық пән олимпиадасының жүлдегері. Сондай-ақ, тағы да бір тамаша жетістігі – неміс тілінен байқау нәтижесі бойынша Адия Австрияға тілдік курстарға жолдама ұтып алды!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий