«Жұлдыздар шеруі – 2023»

Жуырда Павлодар облысы, Павлодар ауданындағы Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде «Білімді жастар  – ел болашағы» атты «Жұлдыздар шеруі – 2023» салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

Жұлдыз деп таңғажайып дарындылыққа ие болған оқушыларды айтамыз. Олар жан-жағына жарық шашып,мектебіміздің мәртебесін көтеріп, қуанта білген оқушылар. Бізді қуантып жүрген мектебіміздің дарынды, үздік нәтижеге жеткен, аудандық, облыстық сайыстардан орын алған бірегей оқушыларымыз марапатталды.

Салтанатты жиында мектеп директоры Айнұр Молдахметова дарынды, талантты оқушыларды құттықтап, жүрекжарды лебізін білдіріп, болашақта көп жетістіктерге жетулеріне ізгі-ықыласын білдірді. Дарынды оқушыларға мадақтама мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ, дарынды оқушыларды дайындаған жетекшілер де  алғыс хатпен марапатталды. Ұстаздарымызға, оқушыларымызға шығармашылық табыстар, жетістіктер тілейміз.

Асель ИБРАЕВА,
Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі оқу ісінің меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий