Білім беру сапасы басты назарда
Білім – адам қызметінің жетекші саласы. Бұл адамның кәсіби қалыптасуын, оның ұмтылыстарын, әдеттері мен көзқарастарын анықтайтын білім беру саласы. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында биылғы жылы біздің аймақта он көрсеткішке қол жеткізу жүктелді (2022 жылы барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді). Бүгінгі таңда өңірдегі білім беру жүйесінде 1322 білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 22 мыңнан астам педагог білім беруде. 2023 жылы білім беру саласындағы облыстың бюджеті 212 миллиард теңге құрады, Бұл былтырғы көрсеткіштен артық. (2022 ж. – 169,1 млрд теңге).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 599 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 258 балабақша, 341 шағын орталық. Бір жастан 6 жасқа дейін сексен бір пайыз (43 мың 465 бала), екі жастан алты жасқа дейін – 86% (42 мың 144 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін толық жүз пайыз қамтылды. Биыл облыста 1706 орындық алты балабақшаның құрылысы жалғасуда. Жыл басынан бері Шортанды ауданында 33 орындық бір жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Наурыз айында Целиноград ауданы Қоянды ауылында 280 орындық мемлекеттік балабақша ашылған болатын. Бір жүз отыз бес мыңнан астам оқушы оқитын облыста 542 мектеп жұмыс істейді. Осы оқу жылында 536 мемлекеттік мектепке 134 мыңнан астам оқушы оқып жүр, оның ішінде 17 мыңнан астам оқушы жалпыға бірдей оқыту шеңберінде қолдау алады.
Жергілікті білім беру ұйымдарында 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың сексен бес пайызының жоғары білімі бар. Жаңа жүйе бойынша облыстың 10 мыңнан мұғалім аттестатталды. Бүгінгі таңда 495 орта және негізгі мектептердің ішінен 396 жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған. Мектептерде 1134 заманауи кабинет (физика, химия, биология, ЛМК және STEM) бар. Жергілікті мектептерді жаңа модификация кабинеттерімен жарақтандыру үшін 432 миллион теңге бөлінді. 2021-2025 жылдар аралығында облыста жыл сайын тоқсан төрттен 470 мектепті жаңғырту жоспарлануда. 2025 жылға дейін мектептерді жаңғыртудың жол картасы әзірленді.
Жаңғырту шеңберінде алдағы екі жылда мектептерді жөндеу, көркем әдебиет сатып алу, оқу әдебиеттерін сатып алу және технологиялық жабдықтарды жаңарту, мектеп жиһаздарын жаңарту және облыс мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзделіп отыр. 2023 жылға 94 мектепті жаңғырту үшін бюджет қаражатынан 3,0 миллиард теңге қарастырылған. Облыстың барлық мектептері бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарға қатысты ҚР ІІМ мен ҚР ОӘМ бірлескен бұйрығына сәйкес орнатылған камераларды жаңарту бойынша кезең кезеңмен жұмыс жүргізілудеміз. 2023 жылға бюджеттен осы мақсаттарға 339,7 миллион теңге бөлінген.
Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы білім беру ұйымдарында аула дәретханаларын жою жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың барлық білім беру ұйымдарының ішкі санитарлық тораптары бар және ауыз сумен қамтамасыз етілген. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау саласында ерте түзетумен 5691 бала немесе алпыс бес пайызы (мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны – 8987) қамтылды, тағы 150 баланы қамту жоспарлануда. Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, оның шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдаудың бір жүз үш ресурстық кабинеті іске қосылмақ және 21 ресурстық қолдау кабинеті ашылды.
Облыстық бюджеттен инклюзивті білім беруді қолдаудың 29 кабинетін ашу үшін биылға 304,5 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі кезде біздің балаларымыздың жетпіс алты пайызы қосымша біліммен қамтылып отыр. Өңірде 51 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бір оқушылар сарайы, 18 балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйлерінің орталығы, өнер мектебі, он сегіз музыка мектебі, 4 аула клубы, үш балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, техникалық шығармашылық орталығы, туристер станциясы, натуралистер станциясы, техниктер станциясы және екі балалар көркемсурет мектебінің қызметін жиырма бір мыңнан астам оқушы тиімді пайдалануда. «Білімді ұлт» Сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға қарай республикада 9-сынып түлектерінің сұранысқа ие мамандықтары бойынша колледждерде тегін оқумен толық жүз пайыз қамту міндеті тұр. Бүгінгі таңда ол біздің өңірде 94,6% құрайды.
Жалпы қазіргі кезде облыста 32 колледж жұмыс істейді (жиырма алты мемлекеттік және алты жекеменшік) контингенті 21 мың (20305) студент, оның 16,3 мыңы (16318) немесе сексен пайызы тегін оқытумен қамтылған. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында WorldSkills бағалау жүйесін типтік ұйымдардың оқу процесіне енгізген колледждердің саны алпыс пайыздық межеге жеткізу міндеті тұр. Халықаралық стандарттарды жаңғырту және енгізу нәтижесінде «Жас маман» жобасына қатысушы колледждер базасында 23 құзыреттілік орталығы ашылды. Осы бағыттарда жұмыс ары қарай жалғасады.
Шоқан ОРАЗАЛИН,
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы, Көкшетау қаласы
Загрузка...




