Суреттері бар ашық сұрақтарды саралау арқылы оқушылардың талдау қабілеттерін дамыту
Сабақты зерттеу тақырыбы: “Диаграмма, суреттері бар ашық сұрақтарды саралау арқылы оқушылардың талдау қабілеттерін дамыту”. Дәстүрлі оқыту барысында, оқушыларыма сабақтарда оқу мақсатына жетуге итермелейтін деңгейлік тапсырмалар беріп жүрдім. Осы тапсырмаларды орындау барысында бір оқушымның жоғарғы деңгейдегі ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберетінін байқадым (1-сурет). Төмендегі 1-суретте С оқушының деңгейлік ашық сұрақтарға берген жауаптары көрсетілген. Сыныпта оқушылар «8.1.2.2 өсімдіктердегі бар әртүрлі пигменттердің болуын зерттеу» атты оқу мақсатына зертханалық жұмыс жасады.

1-сурет. Осы аталған оқушыдағы проблемаларды жоюды негізге алып кәсіби даму мақсатымды «Диаграмма, суреттері бар сұрақтарды орындату арқылы оқушылардың талдау дағдысын дамыту» деп алдым. Осы мақсатқа жетуде әріптестерім Дуйсебаев Н. мен Әлімбек Б. кеңес сұрадым, олармен ақылдаса келе Lesson study (сабақты зеріттеу) әдісін сабақта қолдану тиімді деп санадық.
Lesson study (LS) толықтай қалай іске асатыны туралы бізге Дуйсебаев Н. түсіндірді және өзіндегі материалдармен бөлісті. «Lesson Study – мұғалімдік тәжірибе саласында білімін кеңейтуге бағытталған әрекеттер түріндегі сабақтағы зерттеулердің ерекше үлгісі болып табылады». (Пит Дадли). LS сабақтарын жоспарламастан бұрын, 8D сыныпағы А,В және С деңгейіндегі оқушыларды анықтап алдық және олардан сабаққа мұғалімдердің қатысуына, камераға түсіруге рұқсат алдық.
Бірінші LS жоспарында әріптестерім менің «8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау» атты оқу мақсатына жасаған қысқа мерзімді жоспарыма (ҚМЖ) және оқушы деңгейіне сай тапсырмаларға түзетілер мен толықтырулар еңгізді. Осы өңделген ҚМЖ мен тапсырмалар сабақ өткізуде оң нәтижесін көрсетті, оны біз А,В және С оқушылардың жауаптарына қарай отырып айта аламыз. А оқушы қабілеті жоғары, күрделі тапсырмаларға берілген уақыттан бұрын әрі дұрыс орындайды,
В оқушы сыни тұрғыда ойлау қабілеті жоғары, деңгейлік тапсырмаларға дұрыс жауап береді, С оқушы жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындауда қателіктер жібереді. Оқушылар бұл оқу мақсатында сыныпта зертханалық жұмыс жасап деңгейлік ашық сұрақтарға жауап берді: Төменде С оқушының жауаптары көрсетілген (4-сурет) . Осы оқушыға қима қаздарды беру арқылы оған қолдау көрсеттім (2 мен 3 суреттер).
.2-сурет. Бұл сурет №4 cұраққа дұрыс жауап беруге итермелейді.

3-сурет. Бұл сурет №7 cұраққа дұрыс жауап беруге итермелейді.

4-сурет. С оқушымның жауаптарына қарай отырып қима қағаздарымен қолдау көрсету тиімді болды деп айта аламыз. А, В оқушыларыда осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы талдау дағдысын дамытты. Дегенмен А оқушы осы тапсырманы берілген уақыттан 4 мин бұрын аяқтап қойды, мен оған қосымша ашық сұрақтар бердім. Мысалы: Диализ түтікшесіндегі мысал адамның қай мүшесінде болуы мұмкін.

Диализ түтікшесінен глюкозаның шығуына температураның өзгерісі қалай әсер етеді. Осы сабақты өткен соң LS топ мүшелері болып жиналып әдістеріміздің оң және теріс жақтарын талқылап, қортынды шығардық. Тізбектелген сабақтар топтамасының кезегі «8.1.3.6 қантамыр жүйесінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау» атты оқу мақсатына түсті. Әріптестерім маған осы сабақты жүргізуде сыныпты үш топқа бөліп, С оқушыны қабілеті жоғары оқушылармен топтасытыруды айтты және топқа бөлуде «Мозайка» әдісін ұсынды.
Мозайка әдісі-мектеп құндылықтары жазылған сөйлемдерді қырқып, парталардың астына жабыстырамыз. Оқушылар сол қырқылған парақтардағы сөздерді біріктіріп мектеп құндылығын оқып, топқа бірігеді. Топта оқушылар (әр топта төрт оқушыдан болды) «дескрипторды» қолдана отырып жүрек-қантамыр ауруларының себептерін, ауру белгілерін және алдын алу шараларын зеріттеп постер арқылы жұмыстарын қорғап бірін-бір «бағалау критерилері» арқылы бағалады.
Сосын топқа жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларына қатысты ашық сұрақ тапсырмалары таратып, топ мүшелері бір-біріне көмектесу керек екенін және ашық сұрақ жауаптары талқыланып болғансоң, әр оқушы өздерінің тапсырмадағы балдарын шығарып, топтағы оқушылар осы балдарды қосып топтың орта балын шығаратынын айттым. Бұл оларды топта бірлесе жұмыс істеуге бағыттады.
Мозайка әдісімен А және С оқушыны бір топқа біріктірдім. Осы топты бақылау барысында А оқушы С оқушыға қолдау көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындау үшін бағыт бағдар беріп отырды. Төменде С оқушының жұмысы көрсетілген (5-сурет). Осы тапсырмада ол график пен кестедегі мәліметтерді талдай отырып ашық сұрақтарға дұрыс жауап беріп сыни тұрғыда ойлау дағдысын дамытты.

5-сурет. Осы сабақта топтық жұмыс жасау арқылы оқушылар түсінбегенін жерлерін сыныптастарынан сұрап, өзара қолдау көрсету арқылы сабақ мақсаттарына жетті. LS үшінші сабағына «8.1.4.1 Адам, балық, бунақденелілердің тынысалу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу» атты оқу мақсатын алдым, бұл оқу мақсаты Блум таксономиясының төмен деңгейдегі ойлау дағдыларын көрсетеді. Алайда әріптестерімізбен қандайда болмасын оқу мақсатына қатысты саралаңған ашық сұрақ тапсырмаларын құрастырып оқушылардың талдау дағдысын дамытуға жұмыс жасадық.

Осы сабақта сыныпты төрт бекетке бөліп, оқушыларды әр бекетке үшеуден топтастырдық. Әр бекет төмендегі заттармен қаматамасыз етілді: 1-ші бекет. Адамның құрастырмалы модельі, 7 сынып оқулығы, қима қағаздар (тыныс алу жүйесіне қатысты мүшелердің атаулары). 2-ші бекет. Адам өкпесінің модельдері, 7 сынып оқулығы, өкпенің құрлысы көрсетілген қима парақ, қима қағаздар (өкпенің құрлысына қатысты). 3-ші бекет. Балықтың модельі, ылғалды препараты, 7 сынып оқулығы, қима қағаздар (тыныс алу жүйесіне қатысты).

4-ші бекет. Бунақ денелердің модельдері, қатырылған гербариі, 7 сынып оқулығы, қима қағаздар (тыныс алу жүйесіне қатысты). Топтар бекетке барып дескрипторды қолдана отырып жұмыс жасады. Жұмысты аяқтаған топтар келесі бекеттерге ауысты. Осылай әр топ, төрт бекеттегі жұмыстарды орындап Бағалау критерийлері арқылы бір-бірін бағалап, жұмыстарға кері байланыс беру арқылы сабақ мақсаттарына жетті деп айта аламыз.
Оқушылар жануралардың тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін біліп, түсінгенсоң, оларға әдеттегідей талдау дағдысын дамытуға бағытталған ашық сұрақ тапсырмаларын саралап бердік. Олар төмендегі жануарлар модельдерін қолдана отырып сұрақтарға жауап берді.

Төменде С оқушының жауаптары көрсетілген: Жауаптарын қарап, осы оқушы модельдрге дұрыс талдау жасай отырып дұрыс жауап бергенін көруге болады. Осы сұрақтарға жауап беруге бекітілген уақтыттан бұрын А, В оқушыларыда осыған ұқсас дұрыс жауап ұсынды. Мен оларға қосымша сұрақтар бердім, төменде В оқушының дұрыс жауабы көрсетілген.
А, В оқушыларға осы секілді қосымша сұрақтарды беру арқылы олардың сабақта бос отырмай, білімін одан әрмен шыңдалуына қолдау жасап жүрдім. Осы сабақта айналмалы бектеттер әдісімен топтық жұмыс жасау арқылы сабақ мақсаттарына жету қызықты болғанын оқушылар айтты. Кәсіби даму мақсатыма жетуде олар маған дұрыс жол көрсетіп, қолдап жүрді. LS сабағына қатысты әріптестерім менің ҚМЖ толықтырулар мен түзетулер еңгізуі және өткізілген LS сабағын талқылау мен үшін қызықты болды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Сабақты зерттеу: нұсқаулық. Dudley, P. (2011); Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3 деңгей; республикалық ғылыми–әдістемелік журнал «Мұғалім шеберханасы» №4, 2012 ж; LESSON STUDY ТӘСІЛІ-БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗДЕ. Закиева Г. У; Нурмуханова Г.А. https://bkokdi.kz/ru/confnis3s/642-confnis.html
Сағым Қайратұлы ОНДЫБАЕВ,
Шымкент қаласы химия-биология
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің биология пәні мұғалімі,
Нургали Серикбаевич ДУЙСЕБАЕВ,
биология пәні эксперт-мұғалім,
Майкыби ЖОЛДАС,
математика пәні мұғалімі,
Бағжан Еркебайұлы ӘЛІМБЕК,
химия пәнінің мұғалімі