Жайдары жаз қызықтары

Барлық оқушы жаз мезгілін асыға күтеді. Әсіресе, ауыл балалары үшін, көк шалғынға оранған боз даланың төсінде аунап-қунап ойнап, еш алаңсыз табиғат аясында демалудың өзі үлкен бір терапия дер едік. Оқушыға 9 ай бойы мектепте жүктелетін жауапкершіліктің жүгі осы 3 айда бәсеңсіп, бала келесі оқу жылына қайтадан лық толы күш-жігер жинап келуі қажет. Бұл тұрғыда көмекке, әлбетте, жазғы лагерь келетіні анық.

Атырау облысы, Исатай ауданындағы Жанбай балалар саз мектебінің «Достық» жазғы лагері бүгін өз қызметін тәмамдады. Апта бойы оқушылар көңіл сергітіп, түрлі тың серпін беретін тапсырмалар орындап, бір серпіліп қалды.

Ән мен күй бар жерде көтеріңкі көңіл-күй де болары сөзсіз. Осы орайда, әр өткен шара әсем әнмен, көркем бимен әсемделгенін айта кеткен лазым. Оқушылар бұрын тек бір аспапқа ғана көңіл бөлген болса, лагерь барысында өздерінің ойлау қабілеттерін дамытып, таным көкжиектерін кеңейтті.

– Әсіресе, саз мектебі ауласындағы көк шалғынға шағын демалыс ұйымдастырып, сырнайлатып ән айтқанымыз маған керемет әсер қалдырды. Маған көңілді жүрген өте ұнайды, – дейді Айберен Бекіш.

Ал, Нұрсая Талапкер есімді оқушыға түрлі құралдармен сурет салу ұнапты.

– Мен өз ойымдағы арманымды сурет қып бейнелеп шықтым. Ал, достарым түрлі басқа тақырыптарды таңдап алды. Әдемі суретімді енді үйіме бөлмеме апарып іліп қоямын, – дейді ол бала көңілімен.

– Ал маған ауылдың ең көрікті жерлерін, әдемі мекемелерін аралап, ауыл тынысымен танысу саяхатымыз қатты ұнады. Достармен бірге жүрген әр сәт өте көңілді өтеді, – дейді Сұлу Махамбет.

Расында, баланың риясыз көңілін көріп, қуанышын бірге сезінудің өзі зор бақыт, кәсіби жетістік. Бұл тұрғыда Жанбай балалар саз мектебі діттеген миссиясына жетті деген ойдамыз. Балалар келесі жазғы демалысты асыға күтеді.

 

#летовдопобразовании2023
#жаз_қосымшабілімберу
#Zhazkosymshabilim2023

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий