Өнерімен өнегелі ұя

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыра бермек.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы балалар өнер мектебі өз жұмысын үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.  Балалар өнер мектебінде 1000-нан аса оқушылар білім алуда, 17 мамандық бойынша 61 мұғалім жұмыс жасайды. Мектебімізде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігінің оқу-тәрбие процесін, бағдарламаларын, нысандары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстары әрдайым үздіксіз жүргізіліп отырады. Осы мақсатта әдістемелік апталық өткізіліп, онда ашық сабақтар, шеберлік сабақтары, әдістемелік баяндамалар, қалалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар өткізіледі.

Балалар мен жасөспірімдерге домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, фортепиано, скрипка, флейта, баян, аккордеон, гитара, жалпы эстетикалық білім, бейнелеу өнері, хореографиялық өнер, театр, цирк өнері мамандықтары бойынша білім беріледі. Сонымен қатар, 4-7 жас аралығындағы балалар үшін жалпы эстетикалық бөлім ашылды. Онда музыка, хореография, сурет, ағылшын тілі пәндері өтеді.

Құрылған күннен бастап балалар өнер мектебінің шығармашылық ұжымдары жылдан жылға көбейіп келеді. «Жігер» қазақ халық аспаптар оркестрі, «Алақай» хореографиялық би ансамбілі, «Қаламқас» қобызшылар ансамблі, «Территория Т» театр коллективі, ұлттық сән театры, флейташылар ансамблі, «Доминанта» хор ұжымы, «Өрнек» шығармашылық бірлестігі, «Калейдоскоп» цирк ұжымы облысымызбен қаламызға кеңінен танымал. Оның ішінде «Жігер» халық аспаптар оркестрі, «Алақай» хореографиялық би ансамбілінің «Үлгілі» атағы бар.

Өнер  мектебі ЮНЕСКО-ның Ұлттық клубтар Федерациясына кірген аймақтағы алғашқы мектеп болды. Жыл сайын жазғы демалыста республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ЮНЕСКО Ұлттық клубтар федерациясының “ҚР ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы” жобаларына қатысады, жазғы лагерь кезінде Қазақстандық өнер шеберлерінен шеберлік сыныптарын алады.

Балалар өнер мектебінде барлығы – 61 мұғалім қызмет жасайды. Жоғары санатты және бінінші санаттағы  мұғалімдер 54 %-ды құраса, педагог-зерттеуші – 6, педагог-сарапшы – 7, оқытушы-модератор – 12.

Мектебіміздің ұстаздары Республикалық, Халықаралық ғылыми-әдістемелік «Uzdik Ustaz», «Qazaq Bilimi», «Жарқын болашақ», «Ұлы дала ұстазы», «Тағылым», «Үздік ұстаз», «Өнер әлемі» журналдарында, сонымен қатар WWW.MEKTEPZHURNAL.kz электронды педагогикалық журналында, WWW.UTU.KZ сайтында материалдары жарияланып, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды. Ұстаздар өз шығарамшылықтарын шыңдау мақсатында қосымша білім беру ұстаздарына арналған түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып отырады.

Жыл сайын юалалар өнер мектебі 50-ге жуық қалалық іс-шаралар өткізеді. Біз мәдени-демалыс орталығымен, жалпы білім беретін мектептермен, Оқушылар сарайымен, балабақшалармен және басқа да қосымша білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жасаймыз. Іс-шаралар саны артты.

Өнер мектебінің дәстүрге айналған жобалары да жалғасын табуда. “Жас талант” жас күйшілер байқауы,  “Юный виртуоз” пианистер байқауы, “Жас суретші” суретшілер байқаулары және «Өрлеу» жыл қорытындысын шығаратын салтанатты жиын мектебіміздің маңызды іс шаралары болып табылады.

Біздің мектептің оқушылары, шығармашылық ұжымдары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық бауқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Биыл қосымша «Досуг», «Мейірім», «Біз талантты баламыз» атты үш жоба жүзеге асырылды. «Досуг» жобасы оқушылардың жұмысын қызықты, шығармашылық іс-әрекеттермен толықтыруға арналған. Жоба аясында П.И. Чайковскийдің «Балалар альбомына арналған лекция-концерт, «Олар мектепте не оқытады?» көрмесі, «Наурыз думан» ойын-сауық бағдарламасы өтті. Жобаның бір бағыты – оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық. Осыған орай «Отбасы үндестігі» ата-аналар мен оқушылардың концерті, «Ересектер мен балалар ажырамас достар» квест ойынындары ұйымдастырылды.

«Мейірім» жобасы балалар арасында ізгі адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыруға, балалар мен ата-аналардың ынтымақтастығы мен қайырымдылық қызметін ұйымдастыруға бағытталған. Жоба аясында «Жылды мейіріммен баста!» акциясы өткізілді, онда мұғалімдер мен оқушылар жануарларға арналған баспаналарға көмек көрсетті.

Қарттар күніне арналған «Жүректен жүрекке» акциясында оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.

«Біз таланттымыз» ынтымақтастық жобасы қабілетті және дарынды балалардың дамуына жағдай жасауды көздейді. Балалар өнер мектебінде «Жас талант», «Жас музыкант» сынды жас орындаушыларға арналған қалалық байқаулар өткізіліп отырады.

Биылғы оқу жылында Халықаралық байқауларда  – 230 оқушы, республикалық байқауларда  – 172 оқушы, облыстық және аймақтық байқауларда – 34 оқушы лауреат, дипломант атанды, 32 оқушы Гран-при иегері атанды.

Ж.Т. АМРАЛИНОВА,
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Балалар өнер мектебінен

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий