«DalaSkills»: дайындық кезеңі мәресіне жетті

Фестивальде «Шебердің қолы ортақ» шеберлік сыныптарына қатысып,«Skills Camp» конкурсында алған дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жақсы көрсете білген колледж студенттері, қосымша білім беру ұйымдары және мектеп оқушылары Маңғыстау облысының білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Фестивалге қатысушыларға қатысқандығы туралы сертификаттар табысталды.

Фестивальге Түркістан облысынан -15, Атырау облысынан – 8, Ақтөбе облысынан – 11, Батыс Қазақстан облысынан – 3, Маңғыстау облысынан – 93 студенттер, оқушылар, сарапшылар, жетекшілері қатысты.

Ағымдағы жылы қыркүйек айында Маңғыстау облысының 50 жылдығы, Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында өтетін WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі «DalaSkills» республикалық чемпионатына қатысуға үміткерлерімізді жақсы дайындықпен күтеміз, – дейді ұйымдастырушылар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий