Оралдық түлек ҰБТ-дан 136 балл жинады

«ABYROI School Oral» ЖШС мектебінің 11 “А” сынып оқушысы Мендіғали Әлихан Арманұлы ұлттық бірыңғай тестілеуден 136 балл жинады.

Талапкер 2005 жылы 1 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген.
ABYROI SCHOOL мектебінде 11 сыныптан бастап білім алуда. Оған дейін ол М.Мәметова атындағы 27 мектеп лицейінде оқыған.

Ұстаздарының айтуынша тарих, өлкетану және физика пәндеріне бейімділігі басым, ал тарих пен әдебиет пәндерін сүйіп оқиды. Алаш тұлғаларын зерттегенді жақсы көреді.

Тарих, өлкетану пәндерінен халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалардың жүлдегері. Тек біліммен ғана шектелмей, өлең шығарып, өлең оқығанды домбырада ойнап, дебаттар да, мерекелік шараларда жүргізушілікпен белсене араласатын оқушы.

Ортасы мұғалімдерге толған жас шәкірт бүгінде “физика – математика” пәндерінің мұғалімі болуды армандайды. Оның ойынша ұстаздық жолы оның үлкен мақсаттарына серпін берері сөзсіз.

ABYROI SCHOOL мектебінде өз ортасын таба білді. Білім беруде Қайнар Қайырболатұлы, Нариман Қабдыррахимұлы, Данагүл Нұрланқызы, ал тәрбие беруде Абылай Асқарұлы, Даулет Серғалиұлы, Гүлмира Тайманқызы, Эльмира Сансызбайқызы сынды ұстаздарына алғысы шексіз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий