5000-нан астам колледж оқытушысы Педагогикалық шеберлік орталығында оқиды
Педагогикалық шеберлік орталығында отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 5 мыңнан астам өкілі білім алады.
Олардың барлығы жалпы білім беретін пәндер ұстаздарының басын қосатын бірегей жобаға қосылады: информатика, физика, математика, химия, биология, география, тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері. Колледж директорлары мен олардың орынбасарлары да Орталық партасына отырады, педагог-психологтар арасында кәсіби дайындық ерекше сұранысқа ие.
Күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесі, фукнционалдық сауаттылықты дамыту, инклюзивті оқу ортасын құру, бағалау алгоритмдері – тренерлер мен қатысушылардың бірге саралайтын басты тақырыптары. Еліміздің барлық дерлік аймақтарында өтіп жатқан кәсіби курстар бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде әзірленген.
– Біз үшін үйреншікті дәстүрлі сабақ бүгінде өзгеріске ұшырады. Курстың бірінші күнінен бастап заманауи сабақты жоспарлаудың практикалық дағдыларын және бағалауға арналған тапсырмаларды орындауға кірістік. Әсіресе, инклюзивті оқыту жағдайында студенттердің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып сабақты құру қиын болды. Біз сабақты шын мәнінде жақсартатын жаңа құралдар алдық, – дейді Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі орыс тілі пәнінің мұғалімі Ләззат Асабаева.
– Педагогикалық шеберлік орталығының курстары қызықты, себебі оқыту – бір пәндік. Біз математиканы оқытуда нақты процестерді модельдеумен айналыстық, ашық және жабық типтегі тапсырмаларды әзірлеуді үйрендік, оларды ақыл-ой қабілеттері әртүрлі деңгейдегі білім алушыларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімдедік. Мен мұғалім ретінде өстім, себебі функционалдық– математикалық, оқу, қаржылық сауаттылықты, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту үшін пәндік тапсырмаларды түрлендіре бастадым, – дейді Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі математика пәнінің мұғалімі Венера Торламбаева
Педагогикалық шеберлік орталығы мен еліміздің колледждері арасындағы ынтымақтастық оқу аяқталғннан кейін де жалғасады деп жоспарлануда.
– Жыл бойы «Тренер мен тыңдаушының қарым-қатынас коммуникация матрицасы» аясында барлық қатысушыларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова:
– Біздің курстарымыздың басты ерекшелігі – табысты оқу мен педагогтердің кәсіби дамуының жаңа деңгейін растайтын міндетті сыртқы бағалау.
Загрузка...








