Шығармашылық галактикасы

Балаларға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен таныту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға бағытталған.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы  балаларға қосымша білім беру саласында қызмет көрсетіп келе жатқан бірегей мекеме – Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы 6 бағытта 4-18 жас аралығындағы 2755 тәрбиеленушімен,  65 үйірмеде 63 қосымша білім беру педагогы мамандарымен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер сәндік-қолданбалы өнер мен көркемөнер, интеллектуалдық және тілдер, экология және техникалық шығармашылық, туристік-өлкетанушылық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттарда қосымша білім алады. Сондай-ақ, ата-аналардың сұранысы бойынша «Оқу-эстетикалық дамыту» бөлімінде 7 үйірме мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілермен жұмыс істейді.

Тіпті, орталық бүгінде қала мектептерімен өзара ынтымақтастық келісім шарт негізінде жұмыс жасап отыр.

Орталық шеңберінде “Үздіктердің үздігі”- шығармашылық  жобасы; “Табиғатпен достықта” шығармашылық-экологиялық жобасы; сәндік-қолданбалы, білім беру мазмұнындағы    “Құрақ әлемі” жобасы, сәндік – қолданбалы, зерттеу-шығармашылық түріндегі “Сиқырлы түйіндер” жобасы; «Каникулдар. Тайм-аут» – әкімшілік жобасы; мазмұны бойынша шығармашылық-бейнелеу, білім беру-қолданбалы түріндегі “Жас суретші” үйірмесіндегі жобалау қызметі, «Colorito» студиясының “Бейнелеу шығармашылығының құпиялары” жобасы бар. Ал, экология бағытындағы үйірмелер эксперименттік технологияларды түпкілікті нәтиже ретінде пайдаланады.

Қалалық деңгейде: «Көшбасшылар мектебі»( әкімшілік, әдіскерлер) – қала мектептерінің көшбасшыларына арналған үш күндік курстар өткізіледі.

Туристік-өлкетану бағытындағы “Ұлы Дала тарихы” жобасы аясындағы “Туған өлке шежіресі” кіші жобасы дәстүрлі түрде жоспарға сәйкес ұйымдастырылып келеді.

 Өзара әріптестік негізде  2019 жылы басталған №3 балабақшамен бірлескен “Асыл мұра” шығармашылық жобасы 2022 жылы аяқталды.

“Ұшқыр ой, шешен тіл” жобасы  қала мектептерімен интеллектуалдық ойындар өткізуге негізделген. Барлық жобалар Agile (эджайл) алгортимі бойынша іске асырылады.

Біздің педагогикалық ұжымымыздың басым бөлігі жоғары және бірінші біліктілік санатындағы, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор біліктілігі бар жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар.

Ал жетістіктерге тоқталсақ,   ХІІ Халықаралық көпжанрлық «UniStar Astana» байқауы,  «Euro Stars» ІІІ Халықаралық өнер фестивалі-байқауы,  қосымша білім беру ұйымының тәрбиеленушілері арасында өткен «FARABILAND-2023» республикалық шығармашылық байқауы, «Ulytau Fest» байқауларында  «Балдәурен» домбыра ансамблі, «Тұмар» би үйірмесі, «Star Dance» би студиясы жүлделі орындармен оралды. Жас туристеріміз облыстық туристік біріншіліктерде жүлделі 2,3-орындарды иеленіп, бүгінгі уақытта туристік көпсайыс бойынша ҚР-ның чемпионатына дайындық үстінде. Интеллектуалдық олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға  қатысушылар мен жеңімпаздар қатары жыл санап артып отыр.

2023 жылы Орталығымызда 2019 жылы ашылған «Colorito»  бейнелеу өнері студиясының алғашқы түлектері шығарылды.

Жылдар өткен сайын Орталықтағы үйірмелердің де саны артып келеді.

«Жас көшбасшылар мектебі», «Qumyra», «Roboclub», «Jetıgen», «Ландшафтылық дизайн» үйірмелерінің ашылуы Орталық жұмысына жаңа серпін берді.

Ұрпаққа саналы тәрбие беретін, бойындағы дарындылық қабілеттерін ашып, шығармашылығын шыңдап, дамытуға өз үлесін қосып келе жатқан Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалардың таным-талғамдық қызығуын жетілдіру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар дәріптеу, жоғары сатылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу жолында атқаратын еңбектері мен жетер жетістіктеріміз алда деп есетпейміз

М.С. ДУЗБАЕВА,
«Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  басшысының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий