Атырау облысы: Балалар құқығы басты назарда
Әлеуметтік желіде көпшілік талқысына салынған мәселеге орай Атырау облысына ҚР Президенті жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева арнайы іс-сапармен келді. Уәкіл облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде болып, балалармен әңгімелесті, орын алған жағдайдың жай-жапсарымен, балалар ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жергілікті қоғам белсенділерімен кездесті, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің басты мақсатымыз – балалар құқығын қорғау, кибербуллингке жол бермеу. Өйткені әлеуметтік желіге жарияланған әрбір видео ертеңгі күні балалардың мінез-құлқына кері әсер тигізуі мүмкін. Балалар ересектер арасындағы өзара есеп алысудың құралы болмауы тиіс, – деді Динара Болатқызы. Қазіргі уақытта балалар ауылы директорының орнына байқау жарияланған. Байқау қортындысының нәтижесімен балалар ауылына жаңа басшы тағайындалады.
Загрузка...Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев балалар ауылындағы бейнебақылау жүйесі күшейтілетінін және камералардың тікелей Білім беру басқармасына қосылатынын, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында баспасөз қызметі іске қосылатынын айтты. Сонымен қатар балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл балалар үйінің түлектерімен де кездесіп, тұрғын үй проблемаларын талқылады, кездесуге тілек білдірген ата-аналармен жүздесті.