Қарағанды облысы: Мұқағали оқуынан бас жүлде

Жыл сайын Алматы облысындағы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында республикалық Мақатаев оқулары өтеді. Дәстүрлі байқаудың биылғы кезеңінде жергілікті оқушылар жүлдемен оралды. Дүбірлі додаға ел аймағынан 64 оқушы қатысқан болатын. Үміткерлер үш «Ақындық сайыс», «Жыр эстафетасы» және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» аталымында бақ сынады, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Жыр эстафетасы» аталымында өнер көрсеткен №61 мектептің оқушысы Ақшархат Эшқұлова Гран-при жеңіп алды. Сонымен қатар, «Ақындық сайыс» аталымында өнер көрсеткен аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы Нұрғасыр Изат І орын иеленді. – Ақшархат пен Нұрғасыр облыстық және республикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

– Мақатаев оқуларында ең қиын аталым Ақшаратта болды. Ол Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек-Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмасын жатқа оқыды. Осы санаттағы 19 қатысушы бір-бірін жалғастыра отырып, поэмалардан үзінді оқыды. Нұрғасыр өткен Мақатаев оқуларында ақынның бір жүз жиырма шығармасын оқып, жүлделі екінші орынмен марапатталған еді.

Бұл жолы ол тағы сексен бірін жатқа айтып, бас жүлдені иеленді, – деді №61 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Төрекелдина. Бұдан бөлек, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» аталымында бақ сынаған Теміртау қаласындағы №2 мектептің 10-сынып оқушысы Шынар Бақтыбаеваға Райымбек ауданы әкімінің арнайы сыйлығы табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий