Шығыстық өрендердің елордаға сапары

Елордамыздың жиырма бес жылдығын мерекелеу аясында биылғы шілде айының алғашқы аптасында «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры Астана қаласының әкімдігі және жергілікті аймақтағы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығының бірлесуімен ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл әлеуметтік турдың мақсаты мен міндеттері – балаларды Астанамен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу.  Әлеуметтік тур аясында балаларға кәсіби экскурсоводтардың қатысуымен қызықты да мазмұны зор түрлі экскурсиялар ұйымдастырылды. Турға қатысушылар ҚР Ұлттық мұражайына, Бейбітшілік және келісім сарайына, «Болашақ Энергиясы – «Нұр Әлем» мұражайына, «Бәйтерек» монументіне, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, ҚР Әскери-патриоттық мұражайына, Қазақстанның «Атамекен» картасына барды.

Океанариумға, джунглиге, экзотариумға және батут орталығына бару балаларға жарқын әсер қалдырды. Айналаны шолу дөңгелегінде елорданың барлық көрікті жерлерін ұшар биіктен тамашалады. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің саяси орталығы саналатын еліміздің жүрегіне жасалған экскурсия шығыс өңірінен барған арнайы топтағы оқушыларға ерекше ұмытылмас сәттерге толы көптеген жағымды әсерлер сыйлағаны даусыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий