Түркістан облысы: Елу екі колледждің он бір мың түлегі
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын биылғы оқу жылында бітіруші түлектер туралы айтар болсақ, аймақтағы елу екі колледждің 11 мыңға жуық білімгерлері таңдаған мамандықтары бойынша оқуларын аяқтап, диплом алып шықты, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Дәстүрлі диплом беру рәсіміндері барлық аудан қалада орналасқан колледждерде ұйымдастырылып, онда жұмыс берушілер, кәсіпорындар, жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палаталары және ата-аналар қатысты. Сондай ақ, осы іс-шараларда жұмыс берушілер 119 бітірушіге жұмысқа орналасқаны жөнінде хабарланып, жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022-2023 оқу жылында он бір мамандық бойынша 258 түлек диплом алды. Оларға диплом салтанатты түрде тапсырылды.
Загрузка...Салтанатты жиынға шақырылған жұмыс берушілер: Жетісай қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Н.Бақтияров; Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Н.Райымбеков; М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Р.Мұсабекова; Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Ш.Нұрбеков; Жетісай аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы Ә.Әмір; «Елдос» сауда үйінің және тігін цехының директоры Э.Темірбаева. Қазіргі таңда оқу орны бойынша тоғыз бітіруші түлек тұрақты жұмысқа орналасты.