Грант байқауына өтініштер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап шілде айының жиырмасы аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте мәлімдеген болатын.

Талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Сондай-ақ, жоо-ларда виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

– Биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың алпыс пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий