Астана қаласы: It kids – жаңа жоба

Елорданың Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназияның информатика пәні мұғалімдері мен 9 сынып оқушылары өз бетінше тапсырмаларды орындауға және оны шешуге үйрету мақсатында «It kids» жобасын жасады, – деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Цифрлық сауаттылықты дамыту, ойын технологиясы арқылы баланың бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жасалған жоба 7-10 жас аралығындағы білім алушыларға арналған. Үш өлшемді ойындарды дамытуға мүмкіндік беретін визуалды бағдарламалау – «Kodu Game Lab» платформасында құрылған жобадағы ойын түрлері жоғары сынып оқушылары үшін қызықты, жеңіл, әрі түсінікті жасалған.

Ойын құрастыру үшін «Kodu Game Lab» программасын қолдану тиімді. Балалардың шығармашылық қабілеті дамиды, оқушылар лезде өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес талдаулары мен ұсыныстарын бірге көре алады және оқушының пәнге қызығушылығы артады. Одан өзге мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беруші рөлді ғана атқарады, үлгерімі төмен оқушылардың саны азаяды. № 67 гимназияның информатика пәні мұғалімінің айтуынша алдағы оқу жылында бастауыш сынып оқушыларынан команда жасақталып, жобаны одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий